О ставках на земельный налог
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках на земельный налог
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14-5
- Қабылданған күні
- 22.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2018 46881_316985.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SB000103
- ЭКБ идентификаторы
- 46881
- Редакция идентификаторы
- 46881_316985
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:54
0 Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3 3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қолданылмайтын бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
2
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің Өңірлік бөлімінде 2007 жылғы 16 тамыздағы 13-2-47 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 16 тамыздағы № 13-2-47 «Колос» аудандық газетінде жарияланған «Жер салық ставкалары туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 17 шілдедегі № 39-7 шешімі және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің Өңірлік бөлімінде 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 13-2-73 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 13-273 «Колос» аудандық газетінде жарияланған «Жер салық ставкалары туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 5-3 сессияларының алдында қабылданған шешімі күші жойылды деп танылсын.