Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы залива Гладковский на левобережье Бухтарминского водохранилища в створе земельного участка товарищества с ограниченной ответственностью "Гладковский залив" Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы залива Гладковский на левобережье Бухтарминского водохранилища в створе земельного участка товарищества с ограниченной ответственностью "Гладковский залив" Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 16.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2016 46895_165671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09V0002507
- ЭКБ идентификаторы
- 46895
- Редакция идентификаторы
- 46895_165671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:55
0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Гладковский залив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Белгіленсін:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Гладковский залив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Гладковский залив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Гладковский залив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының бастығы
К. Көбегенов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры
Т. Ерубаев
7 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Гладковский залив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 16 маусымдағы № 100
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Гладковский залив»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы
Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский
бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№
р/
с
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа
ені (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа
ені
(метр)
1.
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан
ауданының «Гладковский
залив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский
бұғазы
3,0
140,1
300-1000
2,8
14,0
20-55
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Гладковский залив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасының бастығы
В. Чернецкий