Қолданыстағы ред. 25.06.2009 - 01.08.2009 (Редакция 46937_182794.kaz)

Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы от 25.06.2009 г. № 230 (Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы)

0

Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы
Жоғары өрт қаупі бар 4-5 классты кезеңнің басталуына байланысты, «Қазақстан Республикасының Орман кодексі» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Кодексінің 15 бабының 11)
тармақшасына
сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9)
тармақшасы
негізінде Жамбыл облысы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жоғары өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

2

2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1 тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

3

3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс аумағында өртке қарсы атқарылып отырған іс-шаралар жөніндегі ақпаратпен тұрақты түрде ақпарат құралдары өкілдерін қамтамасыз етіп отырсын.

4

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Өмірбайұлы Үсенбаевқа жүктелсін.