Құжат мәтініне өту

Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылдары тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Қаулы · № 730 · қабылданған 17.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46945/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылдары тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 730 ·17.06.2009
03.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылдары тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 730 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылдары тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылдары тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
730
Қабылданған күні
17.06.2009
Көрсетілген редакция
03.11.2009 · қолданыстағы AI46945_1.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VK000099
ЭКБ идентификаторы
46945
Редакция идентификаторы
AI46945_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:55

0 Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылдары тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты

шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылдары тұрғындарының қой-ешкі малдары арасынан жоспарлы серологиялық тексеріс барысында бруцеллез ауруына оң таңба беруіне байланысты аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 10 маусымдағы № 02/143 ұсынысына байланысты Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2009 жылғы жоспарлы серологиялық тексеріс барысында Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр ауылы тұрғындарының қой-ешкі малдарынан 34 бас, Жамбыл ауылы тұрғындарының қой-ешкі малдарынан 35 бас бруцеллез ауруына оң таңба беруі негізінде Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр, Жамбыл ауылы тұрғындарының қой-ешкі малдарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.

2 2. Аурудың алдын алу және ошағын жою үшін ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруды Зайсан аудандық мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторына С. Қожекенов (келісім бойынша) ұсынылсын.

3 3. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығына (М. Уәли):

1 1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырсын;

2 2) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді ұйымдастырсын;

3 3) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу тапсырылсын.

4 4. Дайыр ауылдық округінің әкімі С. Молдашевқа мал жаятын орындарды айқындап, елді мекен аумақтарын санитарлық тазалауды

ұйымдастырсын.

5

5. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министірлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Қ. Молдаханов (келісім бойынша) індет ошағындағы мал иелерімен, мүдделі мекемелермен бірлесіп бруцеллез ауруына қарсы ұйымдастыру шараларын, ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне, Дайыр ауылдық округінің әкіміне тапсырылсын.

6 6. Дайыр ауылдық округінің әкіміне індетке шалдыққан малдарды жоюға арналған орындарды дайындау міндеттелсін.

7 7. Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы А. Қомшабаева (келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

8

8. Шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа қой-ешкі малдары мен қой-ешкі малдары өнімдерін, шикізаттарын аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз шығаруға, алып келуге тиым салынсын, аталған шараларды атқаруға тиісті көмек көрсету аудандық ішкі істер бөліміне Н. Түгелов (келісім бойынша) ұсынылсын, Дайыр ауылдық округі әкіміне тапсырылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары О. Ақтекеновке жүктелсін.

10 10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы