Қолданыстағы ред. 24.04.1996 (Редакция 4695_329977.kaz)

Тұрғын үй-пайдалану ұйымдарына үйішілік инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарын өтеу тәртібі туралы от 24.04.1996 г. № 4-108 (Тұрғын үй-пайдалану ұйымдарына үйішілік инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарын өтеу тәртібі туралы)

0

Тұрғын үй-пайдалану ұйымдарына үйішілік инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарын өтеу тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
Облыстың тұрғын үй=пайдалану ұйымдарына үйішілік инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарының орнын толтыру мақсатында:

i

I. Тұрғын үй=пайдалану ұйымдарына ғимараттың ішіндегі су құбырларына, канализация, жылу және электр жүйелеріне, қондырғыларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарын осы желілер мен қондырғыларды пайдаланудан кipic алатын кәсіпорындардың өтеу тәртібі туралы тіркелген Ереже бекітілсін.

2

Алматы облысы әкімінің
1996 жылғы 25 сәуірдегі
№ 4-108 шешіміне қосымша
Тұрғын үй=пайдалану ұйымдарына ғимараттың ішіндегі су құбырларына, канализация, жылу және электр жүйелеріне, қондырғыларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарын осы желілер мен қондырғыларды пайдаланудан кipic алатын кәсіпорындардың өтеу тәртібі туралы Ереже

1

1. Тұрғын үй=пайдалану ұйымдарына ғимараттың ішіндегі су құбырларына, канализация, жылу және электр жүйелеріне, қондырғыларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарын осы желілер мен қондырғыларды пайдаланудан кipic алатын кәсіпорындар мен ұйымдар ведомостволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан өтейді.

2

2. Тұрғын үй=пайдалану ұйымдарына ғимараттың ішіндегі жоғарыда көрсетілген жeлiлepгe, қондырғыларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынадай шығындар өтeлeдi:
а/ жeлiлep мен қондырғыларды пайдалану мен ағымдағы жөндеу кезіндегі тозған саймандар, арнайы киімдер мен құралдардың шығындары, сондай=ақ еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі шығындар.
б/ желiлер мен қондырғылардын пайдалану мұқтажына және ағымдағы жөндеуіне жұмсалған материалдардың, детальдар мен қосалқы бөлшектердің шығынына.
в/ жeлiлep мен қондырғыларға техниқалық қызмет көрсетумен айналысатындардың еңбек ақысы, Қазақстан Республикасының күшіндегі заңдарына сәйкес төлем аудару жөніндегі шығындар.
3.2-тармақта көрсетілген желiлер мен қондырғыларға техниқалық қызмет көрсету жөніндегі өтeлiмгe жататын шығындар тұрғын үй=пайдалану ұйымының тиiстi желілермен және қондырғылармен жабдықталған жалпы ауданының I шаршы мeтpi eceбiнeн нақты шығыны арқылы анықталады, бірақ осы нұсқаудың 4-інші тармағына сәйкес анықталған шығыннан жоғары болмайды.
Көрсетілген шығындарды анықтау бyxгaлтepлiк есептің өткен жылғы үш тоқсанының талдау деректері бойынша жүpгiзiлeдi.
4.Жалпы ауданның I шаршы мeтpiнe шығыннын нормасын барлық шығынмен салыстыра анықтау үшін кeлeci нормативтеpi пайдалану керек:
-қызметшілер саны тұрғын үй қорына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу нормасымен анықталады;
- еңбекке ақы төлеу шығыны бірыңғай тарифтік торда көpceтiлгeн лауазымдық окладтарға, сондай=ақ ақшалай сыйлық туралы ережеге сәйкес белгіленген коэффиценттерге, еңбекақығы үстеме мен қосымшаларға сәйкес анықталады;
-материалдардың шығыны тұрғын үй=пайдалану ұйымында қолданылатын күшіндегі нормативтер бойынша есептеледі;
-арнайы киімнің тозғаны жөніндегі шығын норма бойынша анықталады;

5

5. Осы Ережеге сәйкес есептелетін және бекітілетін желілер мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарды өтеу ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан Алматы облысында орналасқан барлық тұрғын үй=пайдалану ұйымдарымен есеп айырысуда қолданылады.

6

6. Тұрғын үй=пайдалану ұйымдарына үйішілік желілер мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі шығындарын өтеуге су құбыры, канализация, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа да кәсіпорындары тұрғын үй=пайдалану ұйымына өтегуе тиісті соманы және одан басқа төлемді созғаны үшін өсімақы аударады.
Тұрғын үй=пайдалану ұйымына техникалық қызмет көрсету жөніндегі өтегуе тиісті шығын сомасы көрсетілген тәртіпте есептелмесе және аударылмаса тұрғын үй=пайдалану ұйымы төлем талабын қою жолымен,инфляция ескере отырып, акцепсіз ретте өндіріп алуы мүмкін.

7

7. Келесі жылға өтелетін шығынның сомасын анықтау үшін тұрғын үй=пайдалану ұйымы /есеп деректері негізінде/ тиісті су құбыры= канализация, электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау кәсіпорындары мен ұйымдарына ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешікктірмей су құбырымен, канализация, электрмен, орталық жылумен және ыстық сумен жабдықтадған орташа жылдық жалпы аланның мәліметтерін хабарлайды.

8

8. Тұрғын үй=пайдалану ұйымдарына меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жататындар:
-үй басқармалары,
-коммуналдық кәсіпорындар комбинаттары,
-жекеменипк пәтер кооперативтер,
-шаруашылық cepiктестіктері,
-және басда да тұрғын үй қорын пайдаланумен және ұстаумен айналысатын шаруашылық субьектілері.