Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 05.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2011 · қолданыстағы AI46967_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VE000094
- ЭКБ идентификаторы
- 46967
- Редакция идентификаторы
- AI46967_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:58
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 Заңының 4, 5, 7, 12-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 санды Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығы бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру НҰСҚАУЛЫҒЫ
Абай аудан әкімдігінің
2009 жылғы 5 маусымдағы
№ 50 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1
1. Осы Нұсқаулықта жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруын белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу мақсатында жасалған.
2 2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
- әлеуметтік жұмыс орны – жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны.
- мақсатты топтар – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
3
3. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес әзірленді.