Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании "Областного фонда развития малого предпринимательства" и центров "Маркетинга и менеджмента" по принципу базовых инкубаторов развития предприятий малого и среднего бизнеса

Өзге акт · № 6-222 · қабылданған 24.06.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4697/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О создании "Областного фонда развития малого предпринимательства" и центров "Маркетинга и менеджмента" по принципу базовых инкубаторов развития предприятий малого и среднего бизнеса Күшін жойған 24.06.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании "Областного фонда развития малого предпринимательства" и центров "Маркетинга и менеджмента" по принципу базовых инкубаторов развития предприятий малого и среднего бизнеса

Күшін жойған Өзге акт № 6-222 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании "Областного фонда развития малого предпринимательства" и центров "Маркетинга и менеджмента" по принципу базовых инкубаторов развития предприятий малого и среднего бизнеса
Атауы (қаз.)
Шағын және орта бизнесті дамытудың базалық инкубаторлары принципі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті дамытудың облыстық қорын», «Маркетинг және менеджмент» орталықтарын құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-222
Қабылданған күні
24.06.1997
Көрсетілген редакция
24.06.1997 4697_260260.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97D000055_
ЭКБ идентификаторы
4697
Редакция идентификаторы
4697_260260
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:03
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шағын және орта бизнесті дамытудың базалық инкубаторлары принципі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті дамытудың облыстық қорын», «Маркетинг және менеджмент» орталықтарын құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын жүзеге асыру мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 25 наурыздағы № 77 өкімін атқаруда, облыс әкімінің 1997 жылғы 20 наурыздағы № 3-82а шешіміне және шаралар жоспарына сай:
тұрғындардың еңбек белсенділігін дамыту, нарықты товарлармен толтыру, қолайлы инвестициялық климат жасау, мемлекеттік ресурстарды кредитке беруді азайту, мемлекеттік меншікті пайдаланудың нәтижелілігін және шағын кәсіпкерлікті дамытудың мониторингін есепке алу жөніндегі жұмыстың деңгейін көтеру мақсатында облыс Әкімі шешім етті:

1. Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі комитет (Карепин А.Н.) шағын және орта бизнесті дамытудың базалық инкубаторлары принципі бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және өнімінің өткізілуін ескере отырып, облыстық, аудандық "Маркетинг және менеджмент" орталықтарын құрсын.

2. Аудандардың, Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының әкімдері облыс әкімінің шараларын жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралар мен заң шешімдерін барынша жедел қабылдау үшін кіші кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі комитеттің аудандық бөлімдерін құруға штат бірлігін, ғимарат бөлсін.

3. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық (Құрмашев Қ.Қ.) жекешелендіру жөніндегі (Мәлібеков К.А.) комитеттер пайдаланылмай тұрған денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру объектілерін, өндірістік ғимараттар мен аумақтарды "Маркетинг және менеджмент" орталықтарына өндіріс ұйымдастыру үшін берсін (сатып алу құқымен жалға беру, басқаруға беру, лизинг т.б.). Аукциондарда сатылмаған және пайдаланылмаған акциялардың мемлекеттік пакетін "Маркетинг және менеджмент" орталықтарының сеніп басқаруына берсін.

4. Салық басқармасы салық төлеуші заңды тұлғаның қарыз болуына байланысты салық қызметінің органдары хаттаған мүлікті неғұрлым пайдалы сату және пайдалану мақсатында сатылмаған мүлікті шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру үшін (сатып алу құқымен жалға беру, лизинг негізінде т.б.) "Маркетинг және менеджмент" орталығымен өзара іс-қимыл жүйесін әзірлесін.

5. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармасына (Тухтамов Р.Р.) шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін облыстық соттан сатылмаған, іске асырылмаған (тәркіленген, алып алынған) мүлік пен товарларды "Маркетинг және менеджмент" орталықтары арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, ақшаны облыс бюджетіне аударта отырып беруді сұрау ұсынылсын.

6. Комитеттер мен басқармалардың басшылары бюджеттік қаржыны ұтымды және өз мақсатында пайдалану үшін қаржы басқармасының (Тәжібаев Қ.Қ.) бақылауымен бюджеттік ұйымдарды қажетті азық-түлікпен, материалдармен, жабдықтармен, және басқа товарлармен қамтамасыз ету жүйесін әзірлесін және енгізсін. Мемлекеттік қолдау мақсатында тапсырыстарды конкурстық негізде "Маркетинг және менеджмент" орталықтары арқылы облыстың шағын және орта бизнес кәсіпорындарына берсін.

7. Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі комитет (Карепин А.Н.) төмендегілерді құрсын:

- түрлі ұйымдастыру көздерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі "Қаржы менеджменті" қорын. Қордың қаржысын өзінің шағын өндірісін ең әуелі жергілікті шикізатпен дамытушы және бірінші қажеттегі товарлар шығарушы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағыттасын;
- облыс кәсіпкерлер біріктіру жөніндегі қоғамдық ұйым.

8. Осы шешімнің атқарылуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.