Қолданыстағы ред. 23.06.2009

Көше атауларын өзгерту және жою туралы от 23.06.2009 г. № 3 (Көше атауларын өзгерту және жою туралы)

0

Көше атауларын өзгерту және жою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия отырысының 2008 жылғы 23 маусымдағы N 6 ұйғарымына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Ащысай селолық округіне қарасты Ащысай селосының көшелерінің төмендегідей атаулары өзгертілсін және көшелер жойылсын:

1

1) Целинная - Тын игерушілер, Клубная - Қ. Байғалиев, Комсомольская - Жанақопа, Мир - Бейбітшілік, Набережная - Қ. Сатыпалдыұлы, Октябрьская - Т. Райымқұлов, Пионерская - Д. Нұрпейісова, Рабочая - Р. Қошқарбаев, Советская - С. Срымов, Строительная - Құрылысшылар, Студенческая - В. Тамбовцев, Тупиковая - Қ. Аманжолов;

2

2) Қарасу, Клышева, Кунанбаева, Молодежная, Полтавка, Пролетарская, Совхозная, Без улицы, Не определен - жойылсын.

2

2. Осы шешімді орындау барысында қажетті қаржы шығымдарын заңнамаларға сәйкес қарауды округтің жетекші маманы З. Срымоваға жүктелсін.

3

3. Осы шешімді орындау және қадағалау өзіме қалдырамын.

4

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.