Көше атауларын өзгерту және жою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атауларын өзгерту және жою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия отырысының 2008 жылғы 23 маусымдағы N 6 ұйғарымына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ащысай селолық округіне қарасты Ащысай селосының көшелерінің төмендегідей атаулары өзгертілсін және көшелер жойылсын:
Тармақша 1
1) Целинная - Тын игерушілер, Клубная - Қ. Байғалиев, Комсомольская - Жанақопа, Мир - Бейбітшілік, Набережная - Қ. Сатыпалдыұлы, Октябрьская - Т. Райымқұлов, Пионерская - Д. Нұрпейісова, Рабочая - Р. Қошқарбаев, Советская - С. Срымов, Строительная - Құрылысшылар, Студенческая - В. Тамбовцев, Тупиковая - Қ. Аманжолов;
Тармақша 2
2) Қарасу, Клышева, Кунанбаева, Молодежная, Полтавка, Пролетарская, Совхозная, Без улицы, Не определен - жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімді орындау барысында қажетті қаржы шығымдарын заңнамаларға сәйкес қарауды округтің жетекші маманы З. Срымоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімді орындау және қадағалау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.