Құжат мәтініне өту

О реорганизации государственного учреждения "Республиканский клинический госпиталь для инвалидов Отечественной войны" Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 1121 · қабылданған 23.07.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46978/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О реорганизации государственного учреждения "Республиканский клинический госпиталь для инвалидов Отечественной войны" Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1121 ·23.07.2009
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации государственного учреждения "Республиканский клинический госпиталь для инвалидов Отечественной войны" Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1121 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации государственного учреждения "Республиканский клинический госпиталь для инвалидов Отечественной войны" Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1121
Қабылданған күні
23.07.2009
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI46978_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001121_
ЭКБ идентификаторы
46978
Редакция идентификаторы
AI46978_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:42

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі — кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 23 шілдедегі
N 1121 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

4 4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 13-жолдың 3-бағанында:
"13 848" деген сандар "13 439" деген сандармен ауыстырылсын;
"7141" деген сандар "6732" деген сандармен ауыстырылсын;
"Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь 409" деген жол алынып тасталсын.

Қолданыстағы