Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
- Атауы (қаз.)
- Бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу орындарының түлектері - жастардың әлеуметтік қорғауы бойынша қосымша шараларды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 232/7
- Қабылданған күні
- 30.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2009 AI47004_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09PG000086
- ЭКБ идентификаторы
- 47004
- Редакция идентификаторы
- AI47004_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:51
0 Бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу орындарының түлектері - жастардың әлеуметтік қорғауы бойынша қосымша шараларды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабының 2), 11) тармақшаларына сәйкес, тұрғындарды жұмыспен қамтуға әрекеттесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жастардың - бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу орындарының түлектерін әлеуметтік қорғауы бойынша қосымша шаралар ретінде – Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыруы белгіленсін.
2
2. "Ертіс ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Өкілетті орган) Жастар тәжірибесіне жіберу үшін еңбек нарығындағы жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының (бұдан әрі - кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықтасын.
3
3. Өкілетті органға аудандық кәсіпорындар мен ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс беруші) меншік түріне қарамастан, (келісім бойынша) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын. Өкілетті орган жұмыс берушілермен келісім шарт негізінде өзара қатынасады. Келісім шарт жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар санын, кәсіптер тізімін (мамандықтарды), қажет болған жағдайда қосымша кәсіби қайта даярлауын, Жастар тәжірибесіне қатысушыларды олардың мамандықтарына сәйкес қосымша кәсіби біліммен қамтамасыз етуді қарастырады.
Жұмыссыз-кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуды тілеген жұмыс беруші Жастар тәжірибесі шегінде өкілетті органмен сәйкес келісім шарт жасайды.
4 4. Жастар тәжирибесінде оқу орнын бітіргеннен кейін он екі ай бойы оқыған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибелері жоқ, кәсіби оқу орындарының түлектері қатысуға құқылы.
Жастар тәжірибесін өту мерзімі алты айдан аспауы керек.
5 5. Жастар тәжірибесін өткізуге бағытталған шаралардың қаржыландырылуы жергілікті бюджет қаражатынан, республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерінен жүзеге асырылады.
Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақы төлемдері нақты жұмыс істеген уақытына 15000 (он бес мың) теңге көлемінде жасалады.
Атқарылатын жұмыстардың санына, сапасына және қиындығына байланысты, кәсіпорында және ұйымдарда қолданылатын санаулар бойынша нақты істеген жұмысы үшін, өз қаражаты есебіне қосымша үстемақы белгілеуге құқылы.