Құжат мәтініне өту

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Қаулы · № 14-240 · қабылданған 11.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.01.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-47012/?version=AI47012_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 14-240 ·11.06.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

ҚАЗМемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 14-240 · қабылданған 11.06.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-240
Қабылданған күні
11.06.2009
Көрсетілген редакция
25.01.2010 · қолданыстағы AI47012_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DS000079
ЭКБ идентификаторы
47012
Редакция идентификаторы
AI47012_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:57

0 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 1 тармағы 14 тармақшасына және Ұйғыр аудандық мәслихатының 19 желтоқсан 2008 жылғы "Ұйғыр ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 17-2 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылыққа, халықтық қолөнерді дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіби дайындықтан өткендерге де (бұдан әрі әлеуметтік көмек) 150000 теңгеден 200000 теңге мөлшеріне дейін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілу қамтамасыз етілсін.

2

2. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тұрдыбакиев Тұрсынжан селолық округтердің учаскелік комиссияларына алынатын қаржыны қай мақсатқа пайдаланатын қызметінің түрлері, сондай-ақ есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер) өтінішінің негізінде және келесі құжаттармен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушының тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:

1 1) халықтық қол өнерді дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін негізделген есеп /бизнес жоспар/, кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі және үлгерім деңгейі мен бизнес-жоспарының табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысы;

2 2) әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адаммен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы және учаскелік комиссия төрағасының арасындағы үш жақты келісім.

3 3. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Даутова Сахидам Молутовна аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                К. Омаров