Құжат мәтініне өту

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 14-241 · қабылданған 11.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47013/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 14-241 ·11.06.2009
25.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 14-241 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-241
Қабылданған күні
11.06.2009
Көрсетілген редакция
25.01.2010 · қолданыстағы AI47013_1.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DS000080
ЭКБ идентификаторы
47013
Редакция идентификаторы
AI47013_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:57

0 Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына және Ұйғыр аудандық мәслихатының 19 желтоқсан 2008 жылғы "Ұйғыр ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 17-2 шешіміне сәйкес, жеке топтағы азаматтарды қосымша қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі бір жолғы әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Егер қайтыс болған адам, еңбектік қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, отбасының табысына қарамастан бір жолғы әлеуметтік көмек тиісті жағдайлар орын алған кезден бастап үш ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша берілу белгіленсін.

3

3. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тұрдыбакиев Тұрсынжан отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер) өтініші бойынша және келесі құжаттарды ұсынған жағдайда бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:

1 1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігі, салық төлеушінің нөмірі (СТН);

2 2) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);

3 3) ресми түрде жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама;

4 4) әділет органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы).

4

4. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Даутова Сахидам Молутовна аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                К. Омаров

Қолданыстағы