Құжат мәтініне өту

Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қаулы · № 331 · қабылданған 08.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47034/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 331 ·08.07.2009
23.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 331 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
331
Қабылданған күні
08.07.2009
Көрсетілген редакция
23.11.2010 · қолданыстағы AI47034_1.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09UF000078
ЭКБ идентификаторы
47034
Редакция идентификаторы
AI47034_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:49

0 Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және Қазығұрт ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 2-8/320 санды ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округіне қарасты Тілектес, Жаңаталап, Қарабастау, Жаңажол елді мекендерінде жануарлардың арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.

2 2. Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізілген аймақта ветеринариялық-санитарлық талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.

3 3. Жаңабазар ауыл округінің әкімі (А.Ташқұлов) осы қаулының 1 тармағында көрсетілген елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Момыновқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазығұрт аудандық аумақтық
инспекциясының бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторы: А.Шойбеков
8 шілде 2009 жыл

Қолданыстағы