Құжат мәтініне өту

О Перечне целевых групп населения

Қаулы · № 190 · қабылданған 25.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47057/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О Перечне целевых групп населения Күшін жойған Қаулы ·№ 190 ·25.06.2009
05.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Перечне целевых групп населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 190 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Перечне целевых групп населения
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарының Тізбесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
190
Қабылданған күні
25.06.2009
Көрсетілген редакция
05.01.2010 AI47057_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NQ000080
ЭКБ идентификаторы
47057
Редакция идентификаторы
AI47057_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:52

0 Халықтың нысаналы топтарының Тізбесі туралы

"Халықтың жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі бекітілсін (қосымша).

2 2. "Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шараларды көздесін.

3

3. "Халықтың нысаналы топтарының Тізбесін бекіту туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 59 (2007 жылғы 6 наурыздағы нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде 9-17-40 нөмірімен тіркелген, № 15 "Сарыкөл" газетінде 2007 жылдың 13 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтарына кiретiн адамдардың Тiзбесi

Әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 25 маусымда
№ 190 қаулысымен
бекiтiлген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтарына кiретiн адамдардың Тiзбесi

1 1. Табысы аз адамдар.

2 2. Жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар.

3 3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен

ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi
балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi,

көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен

асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет
етедi деп танылған адамдары бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты

зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған

адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу

орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс

берушi-жеке тұлғанын қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер
санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан
босатылған адамдар жатады.

12 12. Ұзақ уақыт жұмыс iстемейтiн азаматтар (бiр жыл және одан да

көп).

13 13. Алынып тасталды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 21.10.2009 № 288 қаулысымен.

14 14. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын

бiтiрушiлер.

15 15. Алынып тасталды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 21.10.2009 № 288 қаулысымен.

16 16. Алынып тасталды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 21.10.2009 № 288 қаулысымен.

17 17. Алынып тасталды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 21.10.2009 № 288 қаулысымен.

Қолданыстағы