Об утверждении Положения о многоуровневой структуре высшего профессионального образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о многоуровневой структуре высшего профессионального образования
- Атауы (қаз.)
- Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі құрылымы туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1845
- Қабылданған күні
- 02.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2011 AI4706_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001845_
- ЭКБ идентификаторы
- 4706
- Редакция идентификаторы
- AI4706_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:48
0 Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі құрылымы туралы ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Жоғары кәсіптік білім берудің деңгейлі құрылымы туралы ереже бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3 Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі құрылымы туралы Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1845 қаулысымен
бекітілген
Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі құрылымы туралы Ереже
4 І. Жалпы ережелер
1 1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау мазмұны мен мерзімі жағынан мынадай түрлі оқу-кәсіптік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады;
бакалавриатта іске асырылатын - жоғары базалық білім;
магистратурада іске асырылатын - жоғары ғылыми-педагогикалық білім;
жоғары арнаулы білім.
2
2. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім мамандықтарының Жіктегішін (тізбесін), жоғары кәсіби білімнің мазмұны мен сапасына қойылатын талаптарды, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулы білім және жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережелерді білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекітеді.
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1938 қаулысымен.
3 3. Университеттер мен академиялар білім беру саласындағы орталық атқарушы органмен келісе отырып, нақты білім бағдарламалары бойынша кадрларды даярлаудың құрылымын айқындайды.
4 4. Институттар мен оларға теңестірілген білім беру ұйымдары мамандыққа байланысты кадрлар даярлауды жоғары базалық білім немесе жоғары арнаулы білім бағдарламалары бойынша жүзеге асырады.
2 2. Жоғары базалық білім
5 5. Жоғары базалық білімнің оқу-кәсіптік бағдарламалары бойынша жалпы орта немесе кәсіби орта білім негізінде Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім мамандықтары Жіктегішіне (тізбесіне) сәйкес республиканың жоғары оқу орындарының бакалавриатында 4 оқу жылы ішінде іске асырылады.
6 6. Жоғары базалық білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдарға "бакалавр" академиялық дәрежесі мен біліктілігі тағайындала отырып, жоғары білім туралы диплом беріледі.
7 7. Жоғары базалық білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдардың өзіне берілген біліктілік бойынша жұмыс істеуіне немесе "магистр" біліктілігі мен академиялық дәрежесін алу үшін жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің тиісті оқу бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруларына болады.
3 3. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім
8
8. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің оқу-кәсіптік бағдарламалары Республика жоғары оқу орындарының магистратурасында Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Жіктегішіне (тізбесіне) сәйкес жоғары базалық білім негізінде 2 оқу жылы немесе жоғары арнаулы білім негізінде 1 оқу жылы ішінде іске асырылады.
9 9. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдарға "магистр" академиялық дәрежесі мен біліктілігі тағайындала отырып жоғары білім туралы диплом беріледі.
10 10. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдардың өзіне берілген біліктілік бойынша жұмыс істеуіне немесе аспирантурада өзінің ғылыми даярлығын жалғастырына болады.
4 4. Жоғары арнаулы білім
11 11. Жоғары арнаулы кәсіптік білімнің оқу-кәсіптік бағдарламалары Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Жіктегішіне (тізбесіне) сәйкес:
тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында көзделген мамандықтар бойынша жағдайларды қоспағанда, жалпы орта білім негізінде - кемінде 4 оқу жылы;
салалас мамандықтар бойынша кәсіби орта білім негізінде 3 оқу жылы ішінде іске асырылады.
📌 Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1938 қаулысымен.
12 12. Жоғары арнаулы білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітіргендерге нақты мамандық бойынша "жоғары кәсіби білімі бар маман" біліктілігі тағайындала отырып, жоғары білімі туралы диплом беріледі.
13 13. Жоғары арнаулы білім бағдарламасы бойынша оқу бітірген адамдардың өзіне берілген біліктілігі бойынша жұмыс істеуіне не белгіленген тәртіппен магистратурада немесе аспирантурада оқуын жалғастыруына болады.
📌 Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1938 қаулысымен.