Құжат мәтініне өту

Ұлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы

Қаулы · № 162 · қабылданған 10.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.07.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-47075/?version=AI47075_2.kaz
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Ұлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 162 ·10.07.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ұлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы

ҚАЗҰлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 162 · қабылданған 10.07.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы
Атауы (қаз.)
Ұлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
10.07.2009
Көрсетілген редакция
17.07.2013 · қолданыстағы AI47075_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
17.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VQ000106
ЭКБ идентификаторы
47075
Редакция идентификаторы
AI47075_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:49

0 Ұлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша

тізбесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1–тармағының 13)–тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына, «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы» қаулыларына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарына жататын адамдарының тізбесіне мынандай санаттағы адамдар қосымшаға сәйкес енгізілсін:

1 1) мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;

2 2) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;

3 3) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;

4 4) жазғы каникул уақытындағы студенттер;

5 5) 50 жастан асқан әйелдер;

6 6) 55 жастан асқан азаматтар;

7 7) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.