Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по содержанию и выгулу сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Аршалынского района

Ереже · № 19/4 · қабылданған 24.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47078/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил по содержанию и выгулу сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Аршалынского района Күшін жойған Ереже ·№ 19/4 ·24.06.2009
09.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по содержанию и выгулу сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Аршалынского района

Күшін жойған Ереже ·№ 19/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по содержанию и выгулу сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Аршалынского района
Атауы (қаз.)
Аршалы ауданы аумағындағы тұрғындық пунктерде ауылшаруашылық малдарын ұстау және серуендету Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19/4
Қабылданған күні
24.06.2009
Көрсетілген редакция
09.02.2011 47078_201045.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BD000149
ЭКБ идентификаторы
47078
Редакция идентификаторы
47078_201045
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:53

0 Аршалы ауданы аумағындағы тұрғындық пунктерде ауылшаруашылық малдарын ұстау және серуендету Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Аршалы ауданы аумағындағы тұрғындық пунктерде ауылшаруашылық малдарын ұстау және серуендету туралы ұсынылған Ереже бекітілсін.

2 2. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және арнайы жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Аршалы ауданының
әкімі Е.Маржықпаев

3 Бекітілген

Аршалы аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 маусымдағы
№ 19/4 шешімімен
Аршалы ауданының тұрғындық пунктерінде ауылшаруашылық малдарын ұстау және серуендету (ары қарай ереже)
Ережесі

1 1. Жалпы ереже

1 1. Осы Ереже Аршалы ауданының аумағында ауылшаруашылық малдарын ұстаудағы міндеттерді сақтау үшін дайындалған және заңды, жеке тұлғалардың Ереже бұзушылық жауапкершілігін белгілейді.

2 2. Бұл Ереже ауылшаруашылық малдарын ұстайтын барлық жеке, заңды тұлғаларға қатысты.

3 3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес даярланған.

4

4. Осы Ереженің сақталуына бақылау жасау ауылшаруашылық Министерствосының агроөнеркәсіптік кешенінің Аршалы аудандық аумақтық мемлекеттік инспекция комитетінің инспекциясына және Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министерствосының Аршалы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық бақылау Департамент Комитеті мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүктеледі, сонымен қатар бұл басқармалар ережені сақтамағандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

2 2. Ауылшаруашылық малдарын ұстау

5 5. Ауылшаруашылық малдары арнайы салынған қораларда ұсталуы шарт.

6

6. Ауылшаруашылық малдарын ұстап, өсіріп, қажетке жаратып, союға, сақтауға, қайта өңдеуге, тасымалдауға және мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың барысында жүкті таратуды, сонымен қатар мал мен адамзат үшін жалпы дерттен сақтандыру жергілікті атқарушы орган келісімімен ветеринария саласының мемлекеттік орган өкілеттілігімен анықталады.

7 7. Ветеринария саласының мемлекеттік орган өкілеттілігінің бекітілген тәртібіне орай малдардың ауыруының алдын алудағы ветеринарлық жұмыстар жүргізу.

8

8. Өнім шығаратын рыноктар, ұйымдар, малдарды союға дайындық, сақтау, өнімді тарату және қайта өңдеу, азығын және азыққа қосатын қоспаларды бірыңғайлық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сай ветеринария саласында мемлекеттік ветеринарлық бақылау қарамағына сәйкес бақылау мақсатында жасалды.

3 3. Ауылшаруашылық малдарын ұстайтындардың міндеті

9 9. Мал ұстаушылар (заңды және жеке тұлғалар) міндетті:

1 1) Малдарға ветеринарлық және әкімшілік–шаруашылық шаралар ветеринарлық (ветеринарлы–санитарлық) ережені сақтай отырып, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына орай малдардың ауыруына тойтарыс жасау үшін жүктерді мемлекеттік ветеринарлық бақылауда ұстау;

2 2) малдың басын ұстау, көбейту және оларды қолдануда ветеринарлық (ветеринарлы–санитарлық) ережесі мен нормативіне қарай ұстап, жағдайын жасау;

3 3) айналаны таза ұстау, Мал қораларын және азық сақтау қоймаларын, азық–түлік пен мал өнімдерін ветеринарлық ережелерді сақтап, жұмысты жүзеге асыру, қоғамдық орындарды ластаудан қорғау;

4

4) зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық- санитарлық) талаптарды құрылыс барысында, жаңарту кезінде, мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылау нысандарын жұмысқа қосқан кезде, мал ұстауға, көбейтуге, өнімдерін сақтауға, сонымен қатар мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің тасымалдануында қатысты талаптарды сақтау;

5 5) ауылшаруашылық малдарын біркелкі қамтамасыз ету және ветеринарлық төлқұжатпен рәсімдеу;

6 6) мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарына жаңадан алған малдар туралы, туылған төл туралы, малдың сойылғаны немесе сатылғаны туралы хабарлап отыру;

7 7) ветеринарлық мамандардың талабы бойынша диагностикалық тексеруге, вакцина салуға малдарды алып келу;

8 8) ветеринарлық мамандарға малдардың аяқ асты ауырғаны туралы немесе олардың тарапынан басқаша іс-әрекеттің байқалғанына, әр мезетте бірнеше малдың ауырып қалғаны жағдайында мамандар келгенше ауыру малдарды жеке жерге бөлу;

9 9) ветеринарлық инспекторлардың ауыруды залалсыздандыру туралы талаптарын орындау, мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылаудағы жүктерінің де адам мен малға қауып төндіретіндігінің алдын алу;

10 10) мал союдан бұрын ветеринарлық тексеруден өткізу керек, ал сойылған соң ветеринарлық–санитарлық сараптамадан органдары мен мал етін өткізу керек;

11 11) ветеринарлық мамандардың өз қызметін атқаруы үшін көмек көрсету;

4 4. Ережені бұзған мал ұстаушылар жауапты

10 10. Ережені бұзған заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына сәйкес осы Ереженің мына түрлерін бұзғанда:

1 1) міндетті түрде жүргізілетін санитарлық–ветеринарлық шараларды жүргізуден бас тартқанда және оның жасау мерзімін бұзғанда;

2 2) шектелген шаралардың және карантин талаптары мен жағдайларын сақтамағанда;

3 3) жұқпалы ауырумен ауырған малдарды жекелеуде және санитарлық– ветеринарлық шараларды толық және уақытылы жасамағанда;

4 4) жұқпалы ауыруы бар малдарды көбейткенде;

5 5) малдарды көбейтуде санитарлық-ветеринарлық талаптарды сақтамағанда;

6 6) республикамыздың аумағын жұқпалы ауыруы бар малдардан қорғау нормативтік құқықтық акт талаптарын орындамағанда;

7 7) малдарды бір жерден екінші жерге ауыстыру барысында санитарлық–ветеринарлық талаптарды сақтамағанда;

8 8) базарларда сату жағдайында (сату ұйымдарында) санитарлық–ветеринарлық ереже талаптарын сақтамау, даярлау барысында, сақтау барысында, жүктердің қайта өндіру барысында жүк қоймаларында, карантиндік базаларда, тиеу–түсіру алаңдарында, көліктерде нормативтің сақталмауы;

8-1 8-1) ветеринария саласында жаңа ветеринарлық препараттарды өкілетті мемлекеттік орган қорытындысы болмай қолданған жағдайда;

8-2 8-2) құрылыспен және ветеринарлық–санитарлық нысандармен қамтамасыз етілмеген жағдайда;

9

9) ветеринарлық саласында нормативтік құқықтык актілердің басқа да түрлерінің бұзылғанында, өте ауыр түрі болмаған жағдайда да, сонымен қатар жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың эпизотиямен күресі мәселесі болғанда заңды тұлғалардан бес мөлшерде, ал лауазымдық адамдар мен жеке кәсіпкерлер, шағын және орта субъект немесе коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлғаларына елу айлық көрсеткіш, ірі кәсіпорын субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін жүз айлық көрсеткіш мөлшерінде штраф салынады.

11

11. Штраф салынған туралы қаулыны ауылшаруашылық Министерствосының агроөнеркәсіптік кешенінің Аршалы аудандық аумақтық мемлекеттік инспекция комитетінің инспекциясы және Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министерствосының Аршалы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық бақылау Департамент Комитеті мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының төрағасы жазады.

Қолданыстағы