О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Национальный центр тестирования" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Национальный центр тестирования" Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1850
- Қабылданған күні
- 03.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI4708_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001850_
- ЭКБ идентификаторы
- 4708
- Редакция идентификаторы
- AI4708_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:48
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
📌 Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18 N 365 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында білім беру сапасын басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1
1. "Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Республикалық тест орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біріктіру жолымен "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18 N 365 Қаулысымен.
2 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мыналар деп айқындалсын:
білім ұйымдарында оқу процесінің сапасын талдау және бағалау;
жоғары кәсіптік және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін кешенді тестілеу тапсырмаларын жасау және енгізу;
оқу процесінің сапасын бақылайтын жаңа технологияларды, білім беру ұйымдарында оқитындардың контингентін конкурс бойынша қалыптастырудың жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу;
тестілеудің теориясы мен әдістемесіне ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізу, білім берудің сапасын және оның мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкестігін анықтау.
📌 Ескерту. 2-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18 N 365 Қаулысымен.