Об утверждении Правил содержания, выгула собак и кошек на территории Целиноградского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания, выгула собак и кошек на территории Целиноградского района
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданының аумағында ит пен мысықтарды күту, серуенге шығару ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 130/20-4
- Қабылданған күні
- 24.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2011 47125_204337.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BQ000091
- ЭКБ идентификаторы
- 47125
- Редакция идентификаторы
- 47125_204337
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:53
0 Целиноград ауданының аумағында ит пен мысықтарды күту, серуенге шығару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қосымшадағы Целиноград ауданында ит пен мысықтарды күту, серуенге шығару ережелері бекітілсін.
2 2. Осы шешім Целиноград аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде алғашқы жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Целиноград ауданының
әкімі М.Мыңжанов
Агроөнеркәсіптік
Кешендегі Мемлекеттік
инспекция комитетінің
Целиноград аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Б.Бикбулатов
Мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
Басқармасының Ақмола
облысының Целиноград ауданы
бойынша бастығының
міндеттерін атқарушы Ж.Бұхарбаева
Целиноград аудандық
ішкі істер бөлімінің
бастығы А.Ғали
3 Целиноград аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 24 маусымдағы
№ 130/20-4 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Целиноград ауданының
аумағында иттер мен мысықтарды күту, серуенге шығару ережесі
1 1. Негізгі түсініктер
1 1. Целиноград ауданының төңірегінде иттер мен мысықтарды күту, серуенге шығару Ережесінде (әрі қарай Ереже) келесі анықтамалар қолданылады:
ветеринарлық мекемелер – бұл ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар;
ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер – бұл ветеринария саласында уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
ветеринарлық паспорт – бұл ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі.
2 2. Жалпы ережелер
2
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзін басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 3 бабына сәйкес және жергілікті атқару органдарына аудандағы ветеринариялық-санитариялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарды белсендетуде көмек көрсету мақсатында жасалған.
Иттер мен мысықтарды күту, серуенге шығару Ережесі Целиноград ауданының төңірегіндегі барлық заңды және жеке тұлғаларға бірдей міндетті ортақ болады.
3 3. Осы ереже иттер мен мысықтардың иелеріне Целиноград ауданының барлық елді мекеніне, сонымен бірге ұйымдар мен кәсіпорындардың, меншік формасына тәуелсіз таратылады.
4 4. Ереженің мақсаты ветеринариялық-санитариялық процедураларды бақылау, ит мысықтарды профилактикалық емдеуге және диагностикасына, сонымен қатар адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтауға бағытталған.
5 5. Ит пен мысықтарды күтудегі негізгі қойылатын талаптар:
1 1) жануарларды жыл сайын тіркеуден өткізу және ветеринариялық паспорт беру;
2 2) жануарларды 2,5-3 айлық жасынан бастап тұрақты жері бойынша ветеринариялық мекемелерде (ветеринариялық дәрігер-лицензияттарда) аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинация жасау, сонымен қатар паразиттерге қарсы егу және диагностикалық зерттеулер жүргізу;
жаңадан алынған жануарларға ветеринариялық мекемелерде тұрғылықты жері бойынша (селолық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторында) 2 жұма ішінде тіркеліп ветеринариялық паспорт алу керек;
3 3) ветеринариялық-санитариялық ережелер мен талаптарды орындау.
6
6. Иттер мен мысықтарды Целиноград ауданының көлемінен тыс жерлерге сату, әкету, тек қана белгіленген үлгімен ветеринариялық куәлік ресімдеуінен кейін рұқсат беріледі. Ветеринариялық куәлік- ветеринариялық паспорт негізінде Целиноград ауданының бас мемлекеттік инспекторы беретін құжат, ол белгіленген үлгімен беріледі онда вакцинация және дегельминтизация жасалған күні көрсетіледі.
Иттер мен мысықтарды Целиноград ауданының аумағына әкелу тек қана Целиноград ауданының бас мемлекеттік инспекторының рұқсатымен иелерінің өтінімінің негізінде беріледі.