Құжат мәтініне өту

О минимальном размере уставного капитала юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с наличной иностранной валютой

Қаулы · № 63 · қабылданған 16.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47141/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О минимальном размере уставного капитала юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с наличной иностранной валютой Күшін жойған Қаулы ·№ 63 ·16.07.2009
27.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О минимальном размере уставного капитала юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с наличной иностранной валютой

Күшін жойған Қаулы ·№ 63 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О минимальном размере уставного капитала юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с наличной иностранной валютой
Атауы (қаз.)
Қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
16.07.2009
Көрсетілген редакция
27.09.2017 47141_276189.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005735_
ЭКБ идентификаторы
47141
Редакция идентификаторы
47141_276189
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:46

0 Қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Қызметiнiң айрықша түрi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан
әрі – уәкілетті ұйымдар) қаржылық орнықтылығын нығайту және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Уәкілетті ұйымдардың ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталының ең аз мөлшері:

1 1) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап 3 000 000 (үш миллион) Қазақстан теңгесі мөлшерінде;

2 2) облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан уәкілетті ұйымдар үшін 2010 жылғы

1 сәуірден бастап 5 000 000 (бес миллион) Қазақстан теңгесі мөлшерінде бекітілсін.

2 2. Уәкілетті ұйымдар бірден артық айырбастау пунктін ашқан кезде, олардың ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы әрбір жаңадан ашылатын айырбастау пункті үшін:

1 1) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап 600 000 (алты жүз мың) Қазақстан теңгесіне;

2 2) 2010 жылғы 1 сәуірден бастап уәкілетті ұйымдар облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан айырбастау пункттерін ашқан жағдайда 1 000 000 (бір миллион) Қазақстан теңгесіне ұлғайтылуы тиіс.

3 3. Уәкілетті ұйымдар:

1 1) 2009 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде жарғылық капиталдарын осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келтірсін;

2 2) 2010 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде жарғылық капиталдарын осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының және 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келтірсін.

4

4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметінің бiрден бiр түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 112 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4962 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 24 ақпандағы N 163 (1192) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы бастапқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 6. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті(Дюгай Н.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

7 7. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялау үшін өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін шаралар қолдансын.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

Қолданыстағы