Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 166 · қабылданған 02.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47246/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 166 ·02.07.2009
27.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 166 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
166
Қабылданған күні
02.07.2009
Көрсетілген редакция
27.04.2012 · қолданыстағы AI47246_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VO000055
ЭКБ идентификаторы
47246
Редакция идентификаторы
AI47246_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:51

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-4) тармақшаларына, 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын іске асыру мақсатында Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (ары қарай- әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде ұйымдастырылады (ары қарай-жұмыс беруші)

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдармен шарты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тарап міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбекақының мөлшері мен жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.

5 5. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтеледі.

6 6. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтардың орташа жалақысы 30000 теңгені құрайды, оның 15000 теңгесі республикалық бюджет қаржысынан, 15000 теңгесі жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленеді.

7 7. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтың арасында жасасқан еңбек шартымен айқындалады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезек тәртібімен, түскен ресми ұсыныс шаралары бойынша жүргізіледі.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г.Т. Қойгелдинаға жүктелсін.

10 10. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылы 1 маусымында туындаған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы