Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатных путевок для оздоровления в государственное учреждение "Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба"

Қаулы · № 2728 · қабылданған 15.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47324/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О предоставлении бесплатных путевок для оздоровления в государственное учреждение "Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба" Күшін жойған Қаулы ·№ 2728 ·15.07.2009
21.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатных путевок для оздоровления в государственное учреждение "Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба"

Күшін жойған Қаулы ·№ 2728 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатных путевок для оздоровления в государственное учреждение "Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба"
Атауы (қаз.)
"Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2728
Қабылданған күні
15.07.2009
Көрсетілген редакция
21.02.2013 47324_183377.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VA000118
ЭКБ идентификаторы
47324
Редакция идентификаторы
47324_183377
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:47

0 "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағына сәйкес зейнеткерлерді, мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Үлбі» орталығы) психикалық ауруларды алмағанда, тыныс алу органдары, жүрек-тамыр, асқазан ішек жолдары, құлақ-мұрын аурулары, невроз аурулары, тірек-қозғалыс жүйелері ауруларымен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қонысқа тұру ықтияр хаты бар шетелдіктерге, Өскемен қаласы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға сауықтыру үшін тегін жолдамалар ұсынылсын.

2 2. Әр барғанда 60 тегін жолдамалар ұсынылады.

3 3. Тегін жолдамалар алуға:

1 1) зейнеткерлер мен мүгедектер;

2 2) «Үлбi» орталығының үйде қызмет көрсетілуіндегі мүмкiндiгi шектеулi мүгедек балалар құқылы.

3-1 3-1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері жолдамалар алуға жыл сайынғы бірінші кезектегі құқыққа ие.

4 4. «Үлбі» орталығына жолдамалар «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бір тұлғаға екі жылда бір рет төмендегі құжаттарды тапсырған кезде кезек бойынша беріледі:

1 1) жазбаша өтініш;

2 2) жеке басын растайтын куәлік;

3 3) мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі және оның заңды өкілінің жеке басын растайтын құжат;

4 4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұратын жерінен анықтама;

5 5) алатын зейнетақы, жәрдемақы мөлшері туралы анықтама;

6 6) санаторлық-курорттық карта.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер (анықтамалардан басқа) түрінде ұсынылады, сонан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы