Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите молодежи

Қаулы · № 2788 · қабылданған 23.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47325/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите молодежи Күшін жойған Қаулы ·№ 2788 ·23.07.2009
02.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите молодежи

Күшін жойған Қаулы ·№ 2788 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите молодежи
Атауы (қаз.)
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2788
Қабылданған күні
23.07.2009
Көрсетілген редакция
02.02.2012 AI47325_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VA000119
ЭКБ идентификаторы
47325
Редакция идентификаторы
AI47325_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:43

0 Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, жастар іс-тәжірибесі түрінде, әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.

2 2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) Қатысушылардың «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2 2) Қатысушыларды iрiктеу кезеңіңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;

3 3) жасы 29 жасқа дейін;

4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. Жастар іс-тәжірибесі меншік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы шарттың негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.

4 4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.

5 5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, Қатысушылардың еңбек ақысы:

1 1) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері үшін толық айға ең төменгі бір жалақы;

2 2) жоғары оқу орындарының және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер үшін толық айға 1,2 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.

6 6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөліммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 12 мамырдан туындаған қарым-қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы