О создании Государственного учреждения Областной центр медицины катастроф Күшін жойған
Басқа 0
Апат медицинасы облыстық орталығы мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау
облыстық әділет департаменті бастығының нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 31 желтоқсан 1998 жылғы N 1382 "Қазақстан Республикасының халқына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" қаулысын жүзеге асыру, төтенше жағдайларда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге арналған құрылымдарды тұрақты дайындықта ұстау, олардың тұрғындарға жедел, жоспарлы-кеңестiк көмектерiн жақсарту мақсатында, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Апат медицинасы облыстық орталығы мемлекеттiк мекемесi құрылсын.
Тармақ 2
2. Апат медицинасы облыстық орталығы мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысы бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Апат медицинасы облыстық орталығы мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы, штат кестесi бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Шығыстар шегi облыстық бюджеттiң денсаулық сақтауға арнап көзделген қаражат шегiнде бекiтiлсiн.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы болып облыстық денсаулық сақтау басқармасы белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А.Т.Айдарханов) апат медицинасы облыстық орталығы мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Шаметова) апат медицинасы облыстық орталығы мемлекеттiк мекемесiн ұстауға арналған шығыстарды 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржыландыруды бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М.Бортникке жүктелсiн.
Басқа 9
N 1 Қосымша
Облыс әкiмiнiң
1999 ж. 10 қараша
N 257 шешiмiмен
Бекiтемiн
Облыстық апат медицинасы орталығының
Жарғысы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Облыстық апат медицинасы орталығы Мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының "Авариялық құтқарушы қызметi және мәртебесi жөнiндегi", "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңдарына, ҚР Министрлер Кабинетiнiң 27.09.94ж. N 1068 "Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметiн құру туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 31.12. 1998ж. N 1382 "Қазақстан Республикасының халқына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыруды жеңiлдету жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" қаулысына, ҚР денсаулық министрлiгiнiң 9.06.1998 ж. N 325 "ҚР төтенше жағдайлардағы апат медицинасы қызметi туралы", 3.02.99ж. N 47 "ҚР төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметiн дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi" бұйрықтарына және басқа да ҚР денсаулық сақтау Комитетiмен ҚР Апат медицинасы орталығының өкiмдерiне және облыс әкiмiнiң шешiмiне сәйкес құрылады.
Мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысы мемлекет атынан Облыс әкiмi болып табылады.
Мекеменiң орналасқан орны - Қазақстан Республикасы, 466200, Ақтау қаласы, 22 шағын аудан, 7 үй.
Апат медицинасы облыстық орталығының құрамына(одан әрi АМОО) жұмыс iстеп тұрған медициналық емдеу мекемелерi мен құрылымдары (атап айтқанда облыстық аурухананың шұғыл және жоспарлы-кеңестiк бөлiмi) кiредi.
Апат медицинасының облыстық орталығы (АМОО) iске асыратын оперативтi-тәсiлдiк мәселелердi шешуде азаматтық қорғаныс iстерi және төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық штабының (басқарма) құжаттарын басшылыққа алады.
Тармақ 1
1. АМОО облыстық төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметiнiң (әрi қарай ТЖШМКҚ) заңдылық құқы бар басқарушы органы болып саналады.
АМОО ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын денсаулық сақтау басқармасы бастығының ұсынысымен Облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақ 2
2. АМОО ұйымдастырушылық-штаттық құрылымы ТЖШМКҚ штаттық құрылымының құрамы, саны мен тiзiмi, ТЖШМКҚ клиникалық базалар құрамы оның болжамдалған медициналық-тәсiлдiк жағдайын, аумақ халқы денсаулығын сақтаудың материалдық-техникалық және мамандық мүмкiндiгiн ескере отырып анықталады және оны облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақ 3
3. АМОО iс барысында облыс ТЖШМКҚ штабының аумақтық ведомстволық комиссиясының шешiмi бойынша АМОО құрамына өздерiне тапсырылған мiндеттерге сай төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысуға басқарма органдарынан, мекемелер мен ведомстволық бағынышты ұйымдардан өкiлдер тартылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. АМОО көрсетiлген аумақтағы өздерiне тапсырылған мiндеттерге сай төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатынасты облыстық денсаулық сақтау басқарма мекемелерiмен, облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау, облыстық iшкi iстер басқармасы, қорғаныс министрлiгi және басқада атқарушы өкiлеттi федералдық органдармен бiрлесе iс қимыл жасайды.
Тарау 2. 2. АМОО мынадай мiндеттер жүктеледi:
Күнделiктi iс-қимыл барысында:
2. АМОО мынадай мiндеттер жүктеледi:
Күнделiктi iс-қимыл барысында:
- Төтенше жағдай жөнiнде ақпараттар алу және анализ жасау бойынша диспетчерлiк қызметiнiң күнi-түнгi жұмысын ұйымдастыру;
- Хабарлау жүйесiнiң тұрақты даярлықты ұстау;
- Апат медицинасының аумақтық ведомстволық үйлестiру комиссиясының шешiмiмен тұрақты даярлық деңгейiн ұстау, ТЖ жою жөнiндегi жұмыстарға облыстық ТЖ шұғыл медициналық көмек қызметiнiң басқармасы, құрылымдар мен мекемелерi органдарын жұмысқа дайындау, жабдықтау;
- Апат медицинасы орталығының ведомстволық үйлестiру комиссиясы жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
- ТЖШМКҚ жергiлiктi және объект деңгейiнде басшылық ету (мамандық және методикалық бағытта), олардың тұрақты даярлықта болуына және медициналық көмек көрсету бақылау жасау;
- Облыстық төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық қызметi басқармалары, мекемелерi мен құрылымдары органдарына көмек көрсету мен бақылау жасауды жүзеге асыру және ұйымдастыру;
- АМОО-ның күнделiктi iс-қимыл барысында облыстық төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметiн тұрақты басқару мен оның даярлығын арттыру мақсатындағы жұмысын жоспарлау;
- АМОО-ның күнделiктi iс-қимыл барысында облыстық төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметiн тұрақты басқару мен оның даярлығын арттыру мақсатындағы жұмысын жоспарлау;
- Облыстық ТЖШМКҚ мекемелерiмен құрылымдарын жабдықтау үшiн, медициналық, санитарлық-шаруашылық және арнайы мүлiк резервтерiн құру, оларды сақтау мен жаңартып отыруды ұйымдастыру;
- Апат медицинасы орталығының мамандарын дайындауды ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайларды жою мен алдын-алуда алғашқы медициналық көмек көрсетуге халықты және авариялық-құтқарушы құрылымдарын бiртұтас мемлекеттiк жүйеде даярлауға қатынасу;
- Облыстық ТЖШМКҚ жұмыстарын зерделеу және сараптау, есеп беру мен жүргiзудi кiрістiру;
- АМОО-ны төтенше жағдайларға дайындау;
Жоғары даярлық тәртiбiнде:
- Жоғары даярлық тәртiбi жөнiнде өкiм енгiзу, оны аумақтық ведомство аралық үйлестiру комиссиясының жетекшiсiне баяндау, оның нұсқауларына сай төтенше жағдайларда медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жоспарының тиiстi бөлiмдерiн iске қосу;
- Осы жоспарға сай басқармалар, мекемелер, ұйымдар мен құрылымдар органдарына хабарлау, жоғары даярлық тәртiбiн енгiзу;
- Оперативтiк-диспетчерлiк бөлiмдi күшейту, қажет болған орталық қызметкерлерiн күнi-түнгi жұмысқа (толық немесе бiртiндеп) ауыстыру, оперативтiк топтар құру мен құрамын анықтау, олардың мiндеттерiн анықтау;
- Жоғары даярлық тәртiбiнiң енгiзiлуiне байланысты мәлiметтер жинау және сараптау, жариялау, жағдайдың өрiстеу ретiн алдын-ала жорамалдау, ұсыныстарды облыстық денсаулық сақтау басқарма бастығына баяндау;
- Облыстық ТЖШМКҚ аумақтық деңгейдегi құрылымдары мен мекемелерiнде жоғары даярлық iс-шараларын ұйымдастыру және орындау, олардың жүзеге асырылуын тексеру және көмек көрсету;
- ТЖ халықты медициналық-санитарлық қамтудың жоспарын нақтылау және қосымша өкiмдер дайындау;
- Жағдайға сәйкес санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы iс-шараларын өткiзудi үйлестiру;
- Медициналық, санитарлық-шаруашылық және арнайы мүлiктердi пайдалануға дайындау;
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық ҚР апат медицинасы орталығымен және өзара iс-қимыл жасаушы органдары және мекемелерiмен тұрақты байланыс жаса.
Төтенше жағдайлар тәртiбiнде:
- Төтенше жағдайлар тәртiбiн енгiзу жөнiнде өкiм алу, облыстық денсаулық сақтау басқарма бастығына баяндау, оның нұсқауы бойынша жағдайға сәйкес құжаттарды, халықты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жоспарын iс жүзiнде енгiзу;
- АМОО оперативтiк тобын ТЖ аймағына жылжыту;
- Құрылымдар мен мекемелер басқармалары органдарын (жоспарға сәйкес)ТЖ тәртiбiнiң енгiзiлгенi жөнiнде хабардар ету;
- Болып жатқан жағдайлар жайлы белсендi түрде ақпарат жинау, оны сараптау және апат медицинасының аумақтық орталығы төрағасына баяндау, халықты медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстарды, басқада өкiмдердi орындаушыларға жеткiзу;
- ТЖ медициналық-санитарлық зардаптарын жою жөнiндегi жұмысына ТЖШМКҚ құрамаларын ТЖ аймағына жылжыту.
- ТЖ жою барысында эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық, емдеу-эвакуациялық iс шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ халықты, авариялық-құтқарушы құрылымдары қызметкерлерiн медициналық қорғау;
- ТЖШМКҚ құрылымдары мен мекемелерiн медициналық, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға қатынасқан ТЖШМКҚ құрылымдары мен мекемелерiн басқаруды ұйымдастыру;
- ТЖ аймағынан әкетiлген халықты медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
- Өлген және тiрi қалған адамдарға сот-медицинасы сараптамасын жасау және оны ұйымдастыру (өзара сәйкес органдармен бiрлесе iс-қимыл жасау);
- Денсаулық сақтаудың күнделiктi iс-қимылы барысында халыққа медициналық көмек көрсету мен ұйымдастырудың көрсетiлген типтiк мiндеттерiне байланысты атқарушы органдарды шешiмдерiмен қосымша мiндеттер жүктелуi мүмкiн. Бұл орайда АМОО ұйымдастырушылық штатына сәйкес өзгерiстер және орталық қызметтерiне материалдық-техникалық және қаржылық толықтырулар енгiзiлуi талап етiледi.
Тарау 3. 3. ТЖ халықты медициналық-санитарлық
қамтамасыз етудi жоспарлау
3. ТЖ халықты медициналық-санитарлық
қамтамасыз етудi жоспарлау
Тармақ 1
1. ТЖШМКҚ және оның ТЖ зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарының негiзгi құжаттары болып, халықты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жоспары жатады.
Ол облыс бойынша ТЖШМКҚ күштерiмен құрал жабдықтарын тартуды қажет ететiн аумақтық деңгейдегi әртүрлi ТЖ кезiнде жасалады.
Тармақ 2
2. ТЖ халықты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жоспарына облыстық денсаулық сақтау басқарма бастығы қол қояды, облыстық ТЖ басқармасы бастығымен келiскеннен кейiн облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары бекiтедi.
Тарау 4. 4. АМОО күнделiктi қызметiн басқару мен жоспарлау
4. АМОО күнделiктi қызметiн басқару мен жоспарлау
Тармақ 1
1. Орталық өз жоспарын ҚР денсаулық комитетi, облыстық сақтау басқармасы нұсқаулары мен өкiмдерiне сәйкес бiр жылға және тоқсан сайын жоспарлап отырады.
Орталық жоспары жоғары тұрған ҚР апат медицинасы орталығымен келiсiледi.
Тармақ 2
2. Орталықты басқару республика заңдарына және осы жарғымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тағайындайтын және жұмыстан босататын директор арқылы iске асырады.
Директор оның құзырына кiретiн барлық мәселелер жөнiнде ҚР заңдарына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Тарау 5. 5. АМОО мүлкi мен қаржысы
5. АМОО мүлкi мен қаржысы
Тармақ 1
1. Орталықтың мүлiктiк құқы және қаржыландыру көзi облыс әкiмi бекiткен жарғымен бекiтiлiп берiледi.
Тармақ 2
2. Орталықтың мүлкi облыстық коммуналдық меншiгi болып табылады және облыс әкiмiнiң рұқсатымен жалға, уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн, алайда, оның кепiлге қойылуы оқшауланған болып үшiншi бiр тұлғаның пайдасына шешiлуi мүмкiн кепiл ретiнде ешуақытта берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Қаржыландыру облыс әкiмi бекiткен смета арқылы жүзеге асырылады. Төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жою мен олардың алдын алу жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында орталықта орталық қорлар мен қаржыландырудың басқада кездерi есебiне бөлiнген қаражат негiзiнде резервтiк қор құрылады.
Резервтiк қорлар қаражаты мемлекеттiк бюджетке алуға жатпайды.
Орталықты қосымша қаржыландыру көзi болып:
- азаматтардың өз еркiмен берген қайтарылмайтын жарналары мен қайырымдылық үлестерi.
- ҚР заңдарына сәйкес басқада кiрiс көздерi саналуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. АМОО өз қызметiн қаржыландыру құрылыс және жөндеу материалдық-техникалық қамтамасыз ету, еңбек және жалақы саласына бекiтiлген жұмсалатын қаражат шегiнде жүзеге асырады және дербес жоспарлайды. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсiпорындармен шаруашылық және басқа да нысанадағы келiсiм шарт жасауға құқығы бар.
Тармақ 6
6. АМОО қызметiн бақылау мен бағалау
Орталық қызметiн бақылау мен бағалауды бағыныштылығы бойынша денсаулық сақтау басқармасының органдары, Апат медицинасының жоғарғы тұрған органы, сондай-ақ өздерiнiң құзыры шеңберiнде, ҚР қолданылып жүрген заңдары мен заң актiлерi бойынша тексеру жүктелген, салық, құқық қорғау және басқада органдардың мемлекеттiк мекемелерi жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк мекеменi қайта құру және жою
Мемлекеттiк мекеменi қайта құру және жою ҚР заңдарына көрсетiлген тәртiпке сай жүзеге асырылады.
Басқа 29
N 2 Қосымша
Облыс әкiмiнiң
1999 ж. 10 қараша
N 257 шешiмiмен
Бекiтемiн
Апат медицинасы облыстық орталығы құрамының 1999 жылға
Штат кестесi
_________________________________________________________________
Лауазым атаулары Лауазым Ескерту
саны
_________________________________________________________________
Әкiмшiлiк-шаруашылық құрамы
1. Орталық директоры 1,0
2. Директордың орынбасары 1,0
3. Бас есепшi 1,0
4. Қызмет бөлмелерiнiң тазалаушы 1,0
5. Хатшы-машинка басушы 1,0
Барлығы 5,0
Қауырт-диспетчерлiк бөлiм
6. Фельдшер-диспетчер 4,0
7. Бағдарлама операторы 0,5
8. Жүргiзушiлер 5,5
Барлығы 10,0
Ұйымдастыру-әдiстемелiк бөлiм
9. Ұйымдастырушы дәрiгер
Барлығы
Жедел және жоспарлы-кеңес көмек бөлiмi
10. Гинеколог дәрiгер 0,5
11. Анестезиолог дәрiгер 0,5
12. Балалардың анестезиолог дәрiгерi 0,25
13. Балалардың дәрiгер оташысы (хирург) 0,25
14. Жарақат дәрiгерi (травматолог) 0,25
15. Невропатолог дәрiгерi 0,25
16. Балалардың невропатолог дәрiгерi 0,25
17. Кардиология дәрiгерi 0,25
18. Нейрохирург дәрiгер 0,25
Барлығы 2,75
Барлық жиыны 17,75
оның iшiнде: дәрiгерлер 4,75
орта бiлiмдi қызметкерлер 4,0
басқалары 9,0