Құжат мәтініне өту

Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді» елді мекенінде малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қою туралы

Қаулы · № 773 · қабылданған 29.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47350/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді» елді мекенінде малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қою туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 773 ·29.07.2009
06.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді» елді мекенінде малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 773 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді» елді мекенінде малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қою туралы
Атауы (қаз.)
Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді» елді мекенінде малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қою туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
773
Қабылданған күні
29.07.2009
Көрсетілген редакция
06.04.2010 · қолданыстағы AI47350_1.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DB000088
ЭКБ идентификаторы
47350
Редакция идентификаторы
AI47350_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:38

0 Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді» елді мекенінде малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, Шеңгелді ауылдық округінің "Шеңгелді" ауылындағы малдарының сарып ауруына жол бермеу жөніндегі Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясы бастығының 2009 жылғы 25 маусымдағы N 1-18-26 ұсынысын қарай келе, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шеңгелді ауылдық округінің "Шеңгелді" елді мекенінде малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қойылсын.

2 2. Сарып ауруының ошақтарын жою және мал басын сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу қала әкімінің орынбасары Е.И. Есполовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Шеңгелді ауылдық округінің

"Шеңгелді елді мекенінде
малдардың сарып ауруына
шалдығуына байланысты шектеу
қою туралы" Қапшағай қаласы
әкімдігінің 2009 жылғы
29 шілдедегі N 773 қаулысына
қосымша
Сарып ауруының ошақтарын жою және мал басын
сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
N
Іс-шараларының аталуы
Орындау мерзімі
Орындауға жауаптылар
1
Шенгелді ауылдық округінің "Шенгелді" елді мекенінде малдарының толық есебін жүргізу
2009 жылдың қазан айына дейін
"Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
2
Өлген малдарды тастайтын шұнқырды осы елді мекенінде жасау
тұрақты түрде
"Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
3
Сарып ауруымен ауырған малдарды тез арада табыннан аластау
3 күн ішінде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері, мал иелері (келісім бойынша)
4
Ауру шыққан малдарды мал иелерінен алып өртеу және жойылуын қамтамасыз ету
ауру шыққан мерзімде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері, мал иелері (келісім бойынша)
5
Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өткізу
тез арада
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері, мал иелері (келісім бойынша)
6
Ауру шыққан ауладағы қалған малдардан 20-25 күн сайын қан алынып, екі қайтара таза шыққанша сарып ауруына тексерілуін қамтамасыз ету
тұрақты түрде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері, мал иелері (келісім бойынша)
7
Мал ауруы шыққан ауладағы адамдардың сарып ауруына тексерілуін жүргізу
тұрақты түрде
Қапшағай қалалық мемлекеттік санитарлы эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары және мал дәрігерлік инспекторы, мал дәрігерлік мамандар (келісім бойынша)
8
Тұрғындар арасында сарып ауруына қарсы шаралар жөніндегі насихат жұмысын жүргізу
тұрақты түрде
Қапшағай қалалық мемлекеттік санитарлы эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары және мал дәрігерлік инспекторы, мал дәрігерлік мамандар (келісім бойынша)

Қолданыстағы