"Сырдария ауданында жануарларды ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Сырдария ауданында жануарларды ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- "Сырдария ауданында жануарларды ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 168
- Қабылданған күні
- 10.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2011 · қолданыстағы AI47370_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LH000097
- ЭКБ идентификаторы
- 47370
- Редакция идентификаторы
- AI47370_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:48
0 "Сырдария ауданында жануарларды ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1 1. "Сырдария ауданында жануарларды ұстаудың Ережесі" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 сәуірдегі "Тереңөзек кентінде үй жануарларын ұстаудың Қағидасын бекіту туралы" N 80 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 02.06.2008 жылы мемлекеттік тіркеу N 10-8-67, "Тіршілік тынысы" газетінің 11.06.2008 жылы N 47 (7641) шығарылымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 Сырдария ауданында жануарларды ұстаудың Ережесі
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХІІІ сессиясының төрағасы А. Абдуов
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев
2009 жылғы 10 шілде
аудандық мәслихаттың
N 168 шешіміне қосымша
Сырдария ауданында жануарларды ұстаудың Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Сырдария ауданында жануарларды ұстау Ережесі (әрі қарай - Ереже) адамдар мен жануарлардың бірге өмір сүруіне жағымды жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әзірленген.
2 2. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жануарлар - ауылшаруашылық, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал арасы, балықтар, су мен жерде өмір сүретін жануарлар, жәндіктер, және басқа да жануарлар әлемі;
2 2) жабайы жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайда болатын сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және тағы басқалары;
3
3) ауылшаруашылық малы - адам өсіретін, ауылшаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауылшаруашылық малы мен құсының барлық түрі (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күрке тауықтар, бал аралары, бағалы аңдар мен үй қояндары), сондай-ақ олардың тұраралық гибридтері;
4 4) жануардың иесі - жеке меншік немесе басқа да қарауында жануары бар жеке немесе заңды тұлға;
5
5) жануарларды ұстау - жануарлардың иелерінің жануарлардың өмірін, дене және психикалық саулығын сақтауға, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, толыққанды ұрпақ алу үшін, сондай-ақ азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған іс-әрекеттері.
3 3. Осы Ереже Сырдария ауданының Тереңөзек кенті және А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Құндызды, Іңкәрдария, Ақжарма, Шаған, Н.Ілиясов, Шіркейлі, Қоғалыкөл, Бесарық, Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдық округтері аумақтарындағы жануарлардың иелеріне қолданылады.
2 2. Жануар иесіне жануарларды ұстаудағы қойылатын талаптар
1 1) осы Ережеде қарастырылған тәртіпті сақтай отырып, жануарларды алуға және иелігінен шығаруға (соның ішінде сату, сыйға тарту, ауыстыру т.б.арқылы);
2 2) жануарлар иелерінің қоғамдарынан (клубтардан), ветеринарлық ұйымдар мен ауылшаруашылық оқу орындарынан жануарларды ұстау, басын көбейту тәртібі туралы қажетті ақпаратты алуға;
3
3) жануарлардың ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринарлық (санитарлық-гигиеналық) ережелерін сақтай отырып, ветеринарлық және әкімшілік-шаруашылық шараларды жүзеге асыруға;
4 4) жануарларға ізгілікпен қарауға және оларды қараусыз қалдырмауға тиіс.
5 5) жануарлардың биологиялық ерекшелігін ескере отырып, өміріне қажетті азықпен, сумен қамтамасыз етуге;
6 6) ветеринарлық қадағалау органдарға жануардың адамға шабуылы туралы хабарлауға;
7 7) ауылшаруашылық жануарларын ұқсастыруды қамтамасыз етуге және оларға ветеринариялық төлқұжат толтыруға;
8 8) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан келген жануарлар, алынған төл, оларды сою және сату туралы хабарлап отыруға;
9 9) бірнеше жануардың кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған жағдайлары туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға, ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
10 10) ветеринариялық мамандардың талабы бойынша диагностикалық зерттеу мен вакцинация жүргізуге жануарларды дайындауға;
11 11) өз жануарларының нәжістерін, сондай-ақ кіреберістерді, барлық деңгейдегі алаңдарды, баспалдақ торларын, жаяу жүру және автомобиль жолдарын қоса жинап жүру;
12 12) жануарлар өліп қалған жағдайда оның өлімдігін өлген жануарлардың өлімдіктерін кәдеге жарату бойынша мамандандырылған немесе өзге де тиісті ұйымдарға тапсыруға тиіс.
3 3. Жануарларды ұстау
4 4. Осы Ереженің екінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
1
1) жануарларды жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта қоршау жануарлардың қашып кетуін, өтіп бара жатқандарға дене жарақатын алуын болдырмауы қажет, қауіпті немесе жыртқыш жануардың болуы туралы кіреберісте және қоршаудың сыртында жануардың суреті, оның аты, мүмкін болатын қауіп туралы жазуы бар ескерту кесте жасалынуы қажет;
2
2) ауылшаруашылық жануарлары мен құстарды жеке аулаларда, тұрғын ғимараттардан заңнамада белгіленген қашықтықта орналасқан арнайы жасақталған жабық орындарда және сауықтыру мен бала мекемелерінің, қоғамдық тамақтану мен сауда кәсіпорны, тамақ өнеркәсібі, көп қабатты үй-жай, көпшілік демалыс орындары аумағынан заңнамаларда белгіленген қашықтықта ұстап, мал мен құсты ұстауға арналған орын қайталама түрде өшірілген әкпен ақталып, арнайы көң сақтайтын орынның болуы және уақытында тазартылып тұруы қажет.