Құжат мәтініне өту

"Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесін" бекіту туралы

Ереже · № 167 · қабылданған 10.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47371/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
"Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесін" бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 167 ·10.07.2009
27.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесін" бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 167 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесін" бекіту туралы
Атауы (қаз.)
"Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесін" бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
167
Қабылданған күні
10.07.2009
Көрсетілген редакция
27.08.2011 · қолданыстағы AI47371_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LH000098
ЭКБ идентификаторы
47371
Редакция идентификаторы
AI47371_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:48

0 "Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесін" бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

1 1. "Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесі" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесі

2. Осы шешім ресми жарияланғаннан он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХІІІ сессиясының төрағасы                       А. Абдуов.
Аудандық мәслихаттың хатшысы                    А. Атақаев.
2009 жылғы 10 шілдедегі
аудандық мәслихаттың
N 167 шешіміне қосымша
Сырдария ауданының аумағындағы елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғаудың Ережесі

1

1. Кәсіпорындар, шаруашылық пен мекеме, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыру-құқықтық әрекетіне және қандай да бір меншік түріне қарамастан лауазымды тұлғалар және азаматтар (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалар) елді мекендер аумағында көріктендіру Ережесін сақтауға, құрылымдар мен ғимараттарды күтімді жағдайда ұстауға, өз аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, жасыл желекті күтімге алуға, мәдени-тұрмыстық нысандарды, ауыз су көздерін, суаттар мен арықтарды ластанудан қорғауға тиіс.

2 2. Кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер және ұйымдар қандай да бір меншік түріне қарамастан өз аумағына қарасты көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізуі тиіс.

3 3. Тұрғын үй иелері өзінің үй аумағына (үй, қосалқы шаруашылық құрылысын, т.б.) қарасты көше жақ бөлігін тазалық пен тәртіпке келтіруі керек.

4 4. Құрылысы аяқталмаған және бұзылған құрылыс нысандарында тазалық пен тәртіпті орнату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

5 5. Көшелерді, тротуарларды, жолдар мен жол жиектерін, алаңдарды, жаға жайларды, саябақтарды, скверлерді, және басқа да қоғамдық орындарды әр түрлі күл-қоқыс қалдықтары мен шөп-шалаң, сабан, құрылыс материалдары, көмір, темір материалдарымен ластауға тыйым салынады.

Көгалдарға, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өтетін орындарға автокөліктерді қоюға тыйым салынады.
Жолаушылар және жүк тасу қызметін көрсететін автокөлік иелері көліктерін арнайы белгіленген тұрақтарға қоюлары керек.

6 6. Үйлердің ішкі орамдарында және жалпы адамдар пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, ағынды су маңында, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде, кір жууға және автокөлік жууға тыйым салынады.

7 7. Арнайы мал бағуға бөлінбеген жерлерде мал бағуға тыйым салынады.

Мал қилары ауладағы шұңқырларға жиналып, биотермиялық өңдеуден өткен соң қолданылады.

8 8. Ірі шаруашылық және кәсіпорын басшылары қандай да бір меншік түріне қарамастан:

1 1) өлген малдарының өлекселерін арнайы бөлінген жерлерге көмуге, оның тұрақты тазалығын қамтамасыз етуге;

2 2) қи, көңдерді арнайы жерге шығарып, сақтауға, оларды механикалық жинаудан өткізуді ұйымдастыруы тиіс.

9 9. Елді мекендерде жеке және егесіз үй жануарларының өлекселері мал өлекселерін көметін арнайы орындарда жинақталып, арнайы бекітілген тәртіппен жойылады.

10 10. Тұрғын үй иелері, кәсіпорындар мен мекеме басшылары үйлердің және ғимараттардың нөмерлерін, көше, сонымен қатар, маңдайша жазуларын, визуалдық көзбен шолу ақпаратын (оның ішінде жарнамалық мәтіндегі) Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" Заңның талаптарына сәйкес дұрыс қалыпта сақтауға тиіс.

11 11. Жолдар мен көшелердің бойында қоршаулар мен шарбақтар, гүлзарлар мен көкмайсалар, сауда нүктелері және павильондар салу, сыртқы (визуалдық) жарнамасын, көрнекі насихат құралдарын орнатуға бекітілген тәртіппен рұқсат етіледі.

12 12. Транспорт құралдарымен тез шашылатын, ұшатын және т.б. жолдар мен көшелерді ластайтын жүктерді тасуға тек шанақ (кузов) дұрыс болғанда және тығыз жапқышы болғанда ғана рұқсат етіледі.

13 13. Аудан орталығында және елді мекендерде күл-қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару, сұйық, лас жуындыларды құю арнайы бөлінген сырт жерлерде жүзеге асырылады.

14 14. Тұрғындардың қоқыс пен қалдықтарды белгіленген орындардан басқа жерге жинауына қатаң тыйым салынады.

15 15. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектерді сақтап қорғауға: бұл үшін барлық агротехникалық қажетті іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуге: тазалау, суару, бұтау, қопсыту, тыңайтқыш беру, әр түрлі зиянкестерден қорғауға тиіс.

16 16. Мыналарға:

1 1) елді мекендердегі, үйлер мен ғимарат алдындағы және көше бойындағы ағаштарды рұқсатсыз кесуге;

2 2) рұқсатсыз жол жиегіндегі орман шаруашылығы ағаштарын кесуге, оларға жақын жерге от жағуға, сонымен қатар құрғақ шөптерді өртеуге;

3 3) тиым салынған жерлерде жабайы жеміс-жидектерді жинауға;

4 4) жасыл желектерді, ағаштарды зақымдауға, гүлзарлар мен көкмайсаның үстімен жүруге, оларға зиян келтіруге;

5 5) көшенің жаяу жүргіншілер және жол жақ бөлігін бос жатқан құрылыс аумағы мен жасыл желекті бөлігін, сонымен қатар басқа да көпшілік қолданыстағы орындарды кез келген қоқыс түрлері мен (темекі тұқылдарымен, шөлмектермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға;

6 6) арнайы белгіленбеген орындарда афишалар, жарнамалық плакаттар, үнқағаздар және осы тектес хабарландыруларды желімдеуге;

7 7) жолдар мен көшелердің және тротуарлар төсемдерін тиісті органдардың рұқсатынсыз қазуға немесе бұзуға, қанағаттанарлықсыз жағдайына әкеп соғатын өзге де жұмыстарды жүргізуге;

8 8) арнайы белгіленбеген жерлерден топырақ (құм, саз) алуға тыйым салынады.

17 17. Саябақтар, скверлер, бульварлар, суайдындары, жаға жайлар, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, баспалдақтар алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумақа бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.

18 18. Маңайдағы жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, кент көшелерінің оларға кіретін жолдарын меншігінде және пайдалануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстарын өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.

19 19. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.

20 20. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) және көшедегі жүргін жолдарға дейін сауда нысандарының иелері тазартады.

21

21. Сауда нүктелерінің иелері маңайдағы жатқан аумақтың көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек. Маңайдағы жатқан көріктендіру нысандарына, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.

22 22. Елді мекендердегі аяқ суды ысырапсыз және тиімді пайдалану мақсатында аяқ суды жеткізумен айналысатын мекеме арнайы кесте белгілейді және суды пайдаланушылар кестеде көзделген кезекшілікті сақтауға тиіс.

23

23. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді;
Құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және жоғалған кезде орнына қоюды жүргізеді.

24 24. Көріктендірудің, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімімен келісіліп, жүргізіледі.

25 25. Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес осы Ереженің сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылысты бақылау, өртке қарсы және санитарлық қадағалау, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдармен олардың құзыретінің шегінде жүргізіледі.

26 26. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

Қолданыстағы