Құжат мәтініне өту

Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица

Қаулы · № 180 · қабылданған 17.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47386/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица Күшін жойған Қаулы ·№ 180 ·17.07.2009
16.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица

Күшін жойған Қаулы ·№ 180 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица
Атауы (қаз.)
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуге алу жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
180
Қабылданған күні
17.07.2009
Көрсетілген редакция
16.10.2009 47386_199653.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SG000111
ЭКБ идентификаторы
47386
Редакция идентификаторы
47386_199653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:46

0 Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуге алу жөнінде

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 15 қаңтарындағы Заңының 6-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуге алу мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жамбыл ауданының аумағында саны аз діни топтарды есептік тіркеуге алу жөніндегі уәкілетті орган болып белгілесін.

2 2. Тіркеу органында есептік тіркеуге жататын саны аз діни топтарға заңды тұлға мәртебесі бар, Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық жағынан жатқызылатын заңды тұлға белгісі жоқ жергілікті діни қауым жатқызылады.

3 3. Саны аз діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу жолымен тіркеу органында есептік тіркеуге қойылған сәтінен бастап саны аз діни топ өзінің діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.

4 4. Саны аз діни топты есептік тіркеуге алу үшін оның басшысы немесе өкілетті тұлға тіркеу органына келесі құжаттарды тапсырады:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қабылдау туралы өтініш;

2 2) құрылымы жағынан саны аз діни топқа жатқызылатын, заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесі;

5 5. Есептік тіркеу 2-қосымшаға сәйкес, қатаң есепке алу жөніндегі арнайы журналға саны аз діни топтар туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады.

6 6. Есептік тіркеу құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 күннен асырылмаған мерзімде жүзеге асырылады.

7 7. Саны аз діни топтарды тіркеу журналына мәліметтерді енгізгеннен кейін тіркеу органы басшыға немесе саны аз діни топтардың уәкілетті тұлғасына 3-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қойылғандығы туралы сәйкес анықтаманы береді.

8 8. Саны аз діни топтар өкілеттік органда есептік тіркеуден өз қызметін іс жүзінде тоқтатқан жағдайда немесе діни бірлестік ретінде немесе есептік тіркеу филиалы және діни бірлестік өкілеттігігін мемлекеттік әділет органдарында тіркеуден өткеннен кейін алынады.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сарбасов Алғиса Қазманұлына жүктелсін.

10 10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

13 Аудан әкімдігінің

2009 жылдың 17 шілдесіндегі
№ 180 қаулысына 1-қосымша
«Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі»
ММ бастығына
___________________________
(А.Ж.Т.)
___________________________
(Діни топтың өкілі А.Ж.Т.)
Заңды тұлғалардың белгілері жоқ саны аз діни
топтарды есептік тіркеуге қою туралы
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
(топ басшысының аты-жөні, тегі)
____________________________________________________________________
(діни топтың атауы, оның діни сенімі)
____________________________________________________________________
(кәмелеттік жастағы мүшелерінің саны)
____________________________________________________________________
(діни топтардың орналасқан мекен-жайы және ғибадат құрылысы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өз қызметін жүзеге асыру шегіндегі аумақ)
Қолы ________________________ Күні

14 Аудан әкімдігінің

2009 жылдың 17 шілдесіндегі
№ 180 қаулысына 2-қосымша
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз және діни топтарды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
р/№
Тіркелген нөмірі және тіркеген күні
Діни топтың атауы
Діни топтың діни ұстанымы және діни орталыққа деген қызметінің мәні мен мақсаты
Діни топтардың орналасқан жері
Діни топ қызметінің ауданы
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Діни (ғибадат ету) құрылыстың саны
Басшының немесе өкілетті тұлғаның аты-жөні, тегі
Топты көрсету, оның мекен-жайы, телефон нөмірі
Тіркеу туралы анықтаманы толтырған тұлғаның аты-
жөні, тегі
Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның аты-
жөні, тегі
Кәмелеттік жасқа толған топ мүшелерінің саны
Саны аз
діни
топтарды
есептен
алу
туралы
мәлімет
7
8
9
10
11
12

15 Аудан әкімдігінің

2009 жылдың 17 шілдесіндегі
№ 180 қаулысына 3-қосымша
____________________________________________________________________
(Өтіншті тіркеуші мемлекеттік органның атауы және мекен-жайы)
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз және діни топтарды
есептік тіркеуге қойылғандығы туралы
АНЫҚТАМА
№ ___ 200___ жылы «____» _________________________ берілді.
Саны аз діни топтың атауы:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________
Топты тіркеген органның
басшысы _________________ __________________
(қолы) (басшының А.Ж.Т.)

Қолданыстағы