Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки малого предпринимательства

Заң · № 489-1 · қабылданған 29.11.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4739/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки малого предпринимательства Қолданыста 29.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки малого предпринимательства

Қолданыста Заң № 489-1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки малого предпринимательства
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
489-1
Қабылданған күні
29.11.1999
Көрсетілген редакция
29.11.1999 AI4739_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000489_
ЭКБ идентификаторы
4739
Редакция идентификаторы
AI4739_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:48
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгізілсін:

1. "Мемлекеттік баж туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 420-құжат; 1998 ж., N 23, 417-құжат):

9-бап мынадай мазмұндағы ч-1) тармақшамен толықтырылсын:
"ч-1) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастық - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін көздеп, мемлекеттік басқару органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым жасау мәселелері жөнінде талаптар қойған жағдайда;".

2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 216-құжат; 1998 ж., N 23, 415-құжат):

мынадай мазмұндағы 25-2-баппен толықтырылсын:
"25-2-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау
1. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру кезінде конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алуды ұйымдастыру үшін мұндай сатып алудың жалпы көлемінің 10 процентіне дейін резерв жасауды көздеуге міндетті.
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу жүзеге асырылуға тиіс тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің номенклатурасы мен көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын ұсыныстар енгізіп отырады.
3. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық (жабық) конкурс ұйымдастыру кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен конкурстық өтінімдер түспеген жағдайда ұйымдастырушы сатып алуды заңдарда көзделген тәртіппен жалпы негізде жүзеге асыруға құқылы.".