Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)"

Ереже · № 14/187-IV · қабылданған 14.07.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47392/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)" Қолданыста Ереже ·№ 14/187-IV ·14.07.2009
09.04.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)"

Қолданыста Ереже ·№ 14/187-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)"
Атауы (қаз.)
"Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/187-IV
Қабылданған күні
14.07.2009
Көрсетілген редакция
09.04.2025 47392_752676.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09V0002512
ЭКБ идентификаторы
47392
Редакция идентификаторы
47392_752676
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:47

0 Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса берілген «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2009 жылғы 14 шілдедегі
№ 14/187-IV шешімімен
бекітілген
Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

1

1. «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі - Атақ) облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы бойынша экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін, белсенді мемлекеттік, қоғамдық және қайырымдылық қызметі, облыстың әлеуметтік- экономикалық дамуына және халықтар арасында достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін тиісті мәслихаттар береді.
Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын адамдарға да берілуі мүмкін.

2 2. Облыс әкіміне, қалалар мен аудандар әкімдеріне Атақ беруге кандидатура туралы ұсынысты тиісті мәслихаттар депутаттары (депутаттар санының кем дегенде 1/5 бөлігі), еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, партиялар енгізуі мүмкін.

3 3. Облыс (қала, аудан) әкімінің Атақ беруге кандидатура туралы ұсынымы тиісті мәслихатқа енгізіледі.

4 4. Ұсынылған кандидатураға облыс (қала, аудан) әкімі тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

1 1) еңбек ұжымы немесе қоғамдық бірлестік, ұйым, партияның қолдаухаты мен жиналысының хаттамасы, тиісті мәслихат депутаттарының өтініші;

2

2) экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға сіңірген нақты еңбегі, белсенді мемлекеттік, қоғамдық және қайырымдылық қызметі, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтар арасында достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі көрсетілген мінездеме - биографиялық мәліметтері;

3 3) ерекше еңбегін растайтын құжаттар, мемлекеттік наградаларының тізбесі.

5 5. «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы жылына бір рет беріледі.

6 6. «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы жылына жеті адамнан аспай, «Қаланың (ауданның) құрметті азаматы» атағы жылына бес адамнан аспай беріледі.

7 7. Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын алған әрбір адамға тиісті мәслихаттар төрағалары және облыс (қала, аудан) әкімі:

1 1) куәлік;

2 2) төсбелгі тапсырады.

Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматының есімі облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматтары кітабына енгізіледі, ол тиісті мәслихатта немесе облыстық (қалалық, аудандық) өлкетану мұражайында сақталады.

8 8. Атақты беру салтанатты және кеңінен жария ету жағдайында жүргізіледі.

9 9. Куәліктер мен төсбелгілерді дайындауды облыс (қала, аудан) әкімінің аппараты жүзеге асырады.

10 10. Куәліктер мен төсбелгілерді дайындау жөніндегі шығыстар және оларды тіркеу заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың (қаланың, ауданның) тиісті бюджетінде көзделген қаражаттар есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы