О внесении изменении в некоторые решения Бухар-Жырауского районного Маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в некоторые решения Бухар-Жырауского районного Маслихата
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 21.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2014 AI47400_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KK000081
- ЭКБ идентификаторы
- 47400
- Редакция идентификаторы
- AI47400_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:44
0 Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкестендіру мақсатында аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
3 Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің тізбесі
Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 шілдедегі
N 7 шешіміне
қосымша
Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің тізбесі
Бұқар жырау аудандық мәслихатының келесі шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1 1. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2010.12.23 N 7 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2 2. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2012.06.21 N 7 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.
3
3. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының N 8 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-56 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының N 8 "Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-67 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 3 санында жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер:
шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
4
4. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының N 6 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-65 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы N 2, 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 3, 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 4, 2009 жылғы 7 ақпандағы N 5 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 1 ақпандағы 12 сессиясының N 5 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-72 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 7 наурыздағы N 9, 2009 жылғы 14 наурыздағы N 10, 2009 жылғы 28 наурыздағы N 12 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі 12 сессиясының N 4 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-75 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 9 мамырдағы N 18, 2009 жылғы 16 мамырдағы N 19, 2009 жылғы 23 мамырдағы N 20, 2009 жылғы 30 мамырдағы N 21, 2009 жылғы 6 маусымдағы N 22 санында жарияланған), енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер:
шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.