Қарашалғын ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарашалғын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарашалғын ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы от 13.07.2009 г. № 13 (Қарашалғын ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы)
1. Жантеке ауылына келесі көше атауы берілсін:
№ 1 көшесіне - Жакен Шаяхметов атауы берілсін.
№ 2 көшесіне - Кенжебек Күмісбеков атауы берілсін.
№ 3 көшесіне - Сәкен Сейфуллин атауы берілсін.
№ 4 көшесіне - Жамбыл Жабаев атауы берілсін.
2. Ұялы ауылының № 1 көшесіне - Абай Құнанбаев атауы берілсін.
3. Қарғалы ауылының № 1 көшесіне - Смаилов Сағындық атауы берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім Қорғалжын ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күні күшіне енеді және бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннің өтуі бойынша әрекетке енгізіледі.
Келісілді:
«Қорғалжын ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.К. Сыздыкова