Қарашалғын ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қарашалғын ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарашалғын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жантеке ауылына келесі көше атауы берілсін:
№ 1 көшесіне - Жакен Шаяхметов атауы берілсін.
№ 2 көшесіне - Кенжебек Күмісбеков атауы берілсін.
№ 3 көшесіне - Сәкен Сейфуллин атауы берілсін.
№ 4 көшесіне - Жамбыл Жабаев атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Ұялы ауылының № 1 көшесіне - Абай Құнанбаев атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Қарғалы ауылының № 1 көшесіне - Смаилов Сағындық атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Қорғалжын ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күні күшіне енеді және бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннің өтуі бойынша әрекетке енгізіледі.
Келісілді:
«Қорғалжын ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.К. Сыздыкова