Құжат мәтініне өту

Салық ставкаларын белгілеу туралы

Өзге акт · № 152-IV · қабылданған 04.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47429/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Салық ставкаларын белгілеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 152-IV ·04.07.2009
23.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 152-IV · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Салық ставкаларын белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Салық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
152-IV
Қабылданған күні
04.07.2009
Көрсетілген редакция
23.12.2009 · қолданыстағы 47429_185179.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09TF000086
ЭКБ идентификаторы
47429
Редакция идентификаторы
47429_185179
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:50

0 Салық ставкаларын белгілеу туралы

Төртінші сайланған Индер аудандық мәслихатының ХVІІ сессиясы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін талондардың құны мен қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып хронометраждық қадағалау негізінде 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны, қызмет түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып хронометраждық қадағалау негізінде N 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы - депутат Бағдат Сапаров) тапсырылсын.

5 5. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі "Салық ставкаларын белгілеу туралы" N 131-ІV шешімінің күші жойылсын.

6 6. Шешім Индер аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік   тіркеуден өтіп, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

7 Индер аудандық мәслихатының

2009 жылғы 4 шілдедегі
ХVІІ сессиясының N 152-ІV
шешіміне N 1 қосымша
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері:
N
Тіркелген жиынтық салық салу
нысаны
Тіркелген салық ставкаларының
мөлшері (теңге)
Айына
1
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын
дербес компьютер
екі айлық есептік көрсеткіш
2
Ойын жолы
алты айлық есептік көрсеткіш
3
Карта
бес айлық есептік көрсеткіш
4
Бильярд үстелі
алты айлық есептік көрсеткіш

8 Индер аудандық мәслихатының

2009 жылғы 4 шілдедегі
ХVІІ сессиясының N 152-ІV
шешіміне N 2 қосымша
Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшiн талондардың құны:
N
Қызмет түрлері
Талонның құны
1
Газет және журналдар сату
30
2
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал
(екпелер, көшет), бақша дақылдарын сату
50
3
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату
100
4
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату
50
5
Жем сату
500
6
Балық  сату
80
7
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор
иелерінің көрсететін қызметі
200
8
Үй жануарларын бағу
200

9 Индер аудандық мәслихатының

2009 жылғы 4 шілдедегі
ХVІІ сессиясының N 152-ІV
шешіміне N 3 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базаларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін талондардың құны:

Қызмет түрлері
Талонның құны
1
Ойыншық, сувенир сату
40
2
Парфюмерия, косметика сату
60
3
Киiмдер мен аяқ-киiм сату
60
4
Шаруашылық тауарлары, ыдыс-аяқ, хрусталь сату
40
5
Кеңсе бұйымдарын сату
50
6
Ұсақ-түйек заттар мен тағамдар
30
7
Ет сату
120
8
Жемiс-жидек, көкөніс сату
50
9
Сүт және сүт өнімдерін сату
50
10
Өндірістік және азық-түлік өнімдерін сату
70
11
Аяқ киім жөндеу
50
12
Киім тігу
50
13
Жеке көлікпен қызмет көрсету
100
14
Үй жиһаздарын сату
200

Қолданыстағы