Ауданда халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданда халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданда халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 27.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2010 · қолданыстағы 47435_181325.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09TD000143
- ЭКБ идентификаторы
- 47435
- Редакция идентификаторы
- 47435_181325
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:40
0 Ауданда халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және аудандық әкімияттың 2008 жылғы 25 ақпандағы N 26 "Исатай ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысын іске асыру халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау бағытында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н. Құрманғалиева), аудан көлеміндегі жұмыс беруші кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілері басшыларына (келісім бойынша) және селолық округ әкімдеріне:
1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
2 2) жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарын: аз қамтылғандарды;
жиырма бір жасқа дейінгі жастарды;
жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды;
кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жалғыз басты көп балалы ата-аналарды;
мүгедектерді;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды бағып-күтіп отырған азаматтарды;
оралмандарды;
Қазақстан Қарулы Күштері құрамынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
3 3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаражаттың қаржыландырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын;
4 4) халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылсын;
5 5) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлға арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді, алайда ол алты айдан аспауы тиіс;
6 6) жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлғаға орташа айлық аударымдарының мөлшері 15 000 теңгеге тең.
2 2. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.
4 4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры:
______________ А. Аманбаева
24.07.09 ж.
"Құрасов" шаруа қожалығының
басшысы _________ Р.Құрасов
24.07.09 ж.
"Қабдолқызы Зоя" шаруа
қожалығының басшысы:
_________________А. Ахтаев
24.07.09 ж.
Жеке кәсіпкер
____________ У. Закарина
24.07.09 ж.
11 Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 27 шілдедегі N 126
қаулысына қосымша
Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын
кәсіпорындар, мекемелер тізбесі
N
Кәсіпорындар, мекемелер атауы
1
"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
(келісім бойынша)
2
"Қабдолқызы З" шаруа қожалығы (келісім бойынша)
3
"Құрасов" шаруа қожалығы (келісім бойынша)
4
Жеке кәсіпкер "Закарина У" (келісім бойынша)