Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы
ҚАЗЖер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/132-IV
- Қабылданған күні
- 20.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2010 · қолданыстағы AI47439_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UI000090
- ЭКБ идентификаторы
- 47439
- Редакция идентификаторы
- AI47439_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:45
0 Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 378 бабында көрсетілген "Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.
2
2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 379 бабында көрсетілген "Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.
3
3. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында көрсетілген "Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелеріне қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.
4
4. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 383 бабының 1 тармағында көрсетілген "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.