Құжат мәтініне өту

Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы

Өзге акт · № 21/132-IV · қабылданған 20.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47439/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/132-IV ·20.07.2009
05.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/132-IV · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/132-IV
Қабылданған күні
20.07.2009
Көрсетілген редакция
05.01.2010 · қолданыстағы AI47439_1.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09UI000090
ЭКБ идентификаторы
47439
Редакция идентификаторы
AI47439_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:45

0 Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 378 бабында көрсетілген "Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.

2

2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 379 бабында көрсетілген "Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.

3

3. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында көрсетілген "Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелеріне қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.

4

4. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 383 бабының 1 тармағында көрсетілген "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.

5 5. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 382 бабының 2 тармақшасында көрсетілген "Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары (елді мекендер үшін)" 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне 1 шаршы метр үшін 0,20 теңгеге төмендетілсін.

6 6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы