Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по содействию занятости населения

Қаулы · № 155 · қабылданған 17.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47454/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О дополнительных мерах по содействию занятости населения Күшін жойған Қаулы ·№ 155 ·17.07.2009
19.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по содействию занятости населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 155 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по содействию занятости населения
Атауы (қаз.)
Халықты жұмыспен камтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
155
Қабылданған күні
17.07.2009
Көрсетілген редакция
19.05.2015 47454_173204.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SN000081
ЭКБ идентификаторы
47454
Редакция идентификаторы
47454_173204
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:46

0 Халықты жұмыспен камтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі 2009 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимылдар жоспарын (Жол картасы) іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жоғары оқу орындарының, колледжер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын (бұдан әрі – жастар тәжірибесі).

2 2. Жастар тәжірибесі меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады және өткізіледі.

3 3. Жастар тәжірибесі алты ай мерзімге ұйымдастырылады.

4 4. Жұмыс берушінің жастар тәжірибесін өтетін жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтеледі. Осы ретте жұмыс берушілер қосымша ақыны жеке анықтай алады.

5 5. 2009 жылы жастар тәжірибесіне жіберілген жұмыссыздардың орташа айлық еңбекақысы 15000 теңгені құрайды.

6 6. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады.

7 7. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жастар тәжірибесін өтетін жұмыссыздар арасында жасасқан еңбек шартымен анықталады.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.К. Жақсыбаевқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы