Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 156 · қабылданған 17.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47455/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 156 ·17.07.2009
22.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 156 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
17.07.2009
Көрсетілген редакция
22.10.2013 47455_201262.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SN000082
ЭКБ идентификаторы
47455
Редакция идентификаторы
47455_201262
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:46

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14) тармақшаларына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-4) тармақшасы, 18-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасы) іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарттары және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері болуы тиіс.

5 5. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен еңбекақының елу пайыз мөлшерінде бөлшектеліп өтеледі.

6 6. 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың орташа еңбекақысы 30000 теңгені құрайтын болады, соның ішінде тиісті жергілікті бюджет қаржысынан 15000 теңге, жұмыс берушінің қаржысынан 15000 теңге.

7 7. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іректеу тәртібін ауданның жергілікті атқарушы органымен анықталады.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.К. Жақсыбаевқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы