Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 24.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2012 · қолданыстағы AI47478_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CH000096
- ЭКБ идентификаторы
- 47478
- Редакция идентификаторы
- AI47478_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:41
0 Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі орындар анықталсын:
1 1) Мәртөк селосында Есет-Көкіұлы көшесінде орналасқан «Жастық» мәдени және демалыс саябағы»;
2 2) Хлебодаровка селосында Ленин көшесі бойында орналасқан «Қайсар» ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң;
3 3) Жайсан ауылындағы ауыл клубына тірелген алаң;
4 4) Андреевка селосындағы селолық клубына тірелген алаң;
5 5) Вознесеновка селосындағы селолық клубына тірелген алаң;
6 6) Саржансай селосындағы бұрынғы мехток қоймасынан 200 метр қашықтықта оңтүстік бағытта орналасқан алаң;
7 7) Родников селосындағы Мәдениет үйіне тірелген алаң.
2
2. Аудандық мәслихаттың шешімі 2005 жылғы 28 қазандағы № 158 «Ауданда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінің қосымша регламенттеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 3-8-9, 2005 жылғы 11 қарашадағы «Мәртөк тынысы» № 45 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрайымы мәслихат хатшысы
Н.Хусаинова А.Смағұлов