Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения

Қаулы · № 36/01 · қабылданған 05.08.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47489/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Күшін жойған Қаулы ·№ 36/01 ·05.08.2009
22.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 36/01 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36/01
Қабылданған күні
05.08.2009
Көрсетілген редакция
22.07.2016 47489_Some(104357).kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KA000097
ЭКБ идентификаторы
47489
Редакция идентификаторы
47489_Some(104357)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:35

0 Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағы және "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:

1 1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;

2 2) қырық бес жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;

3 3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (12 айдан артық);

4 4) орта-кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектері.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ж.М. Ысқақовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 шілдесінен пайда болған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы