Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 244
- Қабылданған күні
- 04.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2012 · қолданыстағы AI47530_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VJ000085
- ЭКБ идентификаторы
- 47530
- Редакция идентификаторы
- AI47530_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:36
0 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 2-тармағы 3)тармақшасын, 16-бабын, 29-бабының 6-тармағын, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының 11-бабының 1-тармағын орындау және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының, 14) тармақшасына сәйкес мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2 2. Материалдық қамсыздандыру ай сайын 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып төленсін.
3 3. Аумақтық бірлік әкімдері нұсқаулыққа сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмектің тағайындалуын және төлеуін қамтамасыз етсін.
4 4. Жарма ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 94 қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылы 24 наурыз айында № 5-10-26 болып тіркелген) күші жойылды деп есептелсін.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің НҰСҚАУЛЫҒЫ
Жарма ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 4 тамыздағы № 244
қаулысына қосымша
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 11-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, 16-бабына, 29-бабының 6-тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының 11-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының, 14) тармақшасына сәйкес мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында сәйкес әзірленді.
2 2. Тағайындау
2 2. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреунің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
3 3. Өтінішке облыстық білім департаменті жанындағы Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия беретін, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқутыдың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі.
4 4. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.
5
5. Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқталуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат-үйіне жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.), көмектің тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.