О внесении дополнения и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1270
- Қабылданған күні
- 28.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI47537_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090001270_
- ЭКБ идентификаторы
- 47537
- Редакция идентификаторы
- AI47537_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:29
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1270 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер
1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қостанай облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 822-15-жолмен толықтырылсын:
"822-15 "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ";
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қостанай облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 229-10-жол алынып тасталсын.
2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 160-21-жол алынып тасталсын.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5 5. "Қорқыт Ата әуежайы" мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 44, 516-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы";
1-тармақтағы "Қорқыт Ата әуежайы" мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдарының" деген сөздер "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы "Қызылорда, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен" деген сөздер "Қызылорда облысының әкімдігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" деген сөздер алынып тасталсын;
"қоғамдары" деген сөз "қоғамы" деген сөзбен ауыстырылсын.