Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Ерейментауского районного маслихата

Өзге акт · № 4С-18/11-09 · қабылданған 23.07.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47554/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Ерейментауского районного маслихата Қолданыста Өзге акт ·№ 4С-18/11-09 ·23.07.2009
04.11.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Ерейментауского районного маслихата

Қолданыста Өзге акт ·№ 4С-18/11-09 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Ерейментауского районного маслихата
Атауы (қаз.)
Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4С-18/11-09
Қабылданған күні
23.07.2009
Көрсетілген редакция
04.11.2014 AI47554_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BI000126
ЭКБ идентификаторы
47554
Редакция идентификаторы
AI47554_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:42

0 Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 4 бабына және 36 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысымен бекітілген, Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу Ережесіне сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін (қосымша).

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Ерейментау ауданының
әкімі Н.Ә.Ережепов
«Ерейментау ауданының
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.Л.Сердцева
«Ерейментау ауданының
Қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Қ.Хасенов
«Ерейментау ауданының
Экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қ.Ж.Құдабаев

4 Ерейментау

аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 4С-18/11-09 шешіміне
Қосымша
Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір
шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар
Тізімі

1

1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 7 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 4С-12/3-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4С-15/2-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-118 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 сәуірде № 43-44 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 18 сәуірде № 43-44 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):
1 және 2 тармақтарда «Аймақтық» деген сөзі алынып тасталсын.

2

2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» № 4С-12/6-08 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 4С-16/4-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 55 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».

3

3. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы «Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С-5/5-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4С-16/14-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-119 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы № 51-52 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 16 мамырдағы № 51-52 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):
1 тармақта «Аймақтық» деген сөзі алынып тасталсын.

4

4. Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 4С-12/3-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4С-17/2-09 шешімінде (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-120 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 мамырдағы № 49-50 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 9 мамырдағы № 49-50 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған):

1 1) 1 және 2 тармақтарда «Аймақтық» деген сөзі алынып тасталсын;

2 2) 3 тармақта «Осы шешім» деген сөздерден кейін «Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және» деген сөздермен толықтырылсын.

Қолданыстағы