Қолданыстағы ред. 24.07.2009

Арықты ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы от 24.07.2009 г. № 17 (Арықты ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы)

0

Арықты ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Арықты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Арықты ауылына келесі көшелер атауы берілсін:
№ 1 көшесіне – Төлеубаев Жақан атауы берілсін;
№ 2 көшесіне - Ленин атауы берілсін;
№ 3 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін;
№ 4 көшеге - Жамбыл Жабаев атауы берілсін.

2

2. Сулыкөл ауылының № 1 көшесіне - Ыбырай Алтынсарин атауы берілсін.

3

3. Култай ауылының № 1 көшесіне – Сәкен Сейфуллин атауы берілсін.

4

4. Садырбай ауылының № 1 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін.

5

5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6

6. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қорғалжын ауданының
мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.К. Сыздыкова