Арықты ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арықты ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Арықты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Арықты ауылына келесі көшелер атауы берілсін: № 1 көшесіне – Төлеубаев Жақан атауы берілсін; № 2 көшесіне - Ленин атауы берілсін; № 3 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін; № 4 көшеге - Жамбыл Жабаев атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Сулыкөл ауылының № 1 көшесіне - Ыбырай Алтынсарин атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Култай ауылының № 1 көшесіне – Сәкен Сейфуллин атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Садырбай ауылының № 1 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Қорғалжын ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.К. Сыздыкова