Құжат мәтініне өту

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Өзге акт · № 101 · қабылданған 24.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47584/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 101 ·24.07.2009
13.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 101 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
101
Қабылданған күні
24.07.2009
Көрсетілген редакция
13.12.2012 · қолданыстағы AI47584_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CD000081
ЭКБ идентификаторы
47584
Редакция идентификаторы
AI47584_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:42

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 451-007 бюджеттік бағдарламасы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ауған соғысының мүгедектеріне, азаматтық және әскери мақсаттағы обьектілердегі радиациялық апаттардың, авариялардың және ядролық сынаулардың мүгедектеріне, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға облыстық денсаулық сақтау мекемесінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаларға бару үшін жолсапар ақысы төленсін;

2 2) жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге ай сайын 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін;

3 3) жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге, онкологиялық және өкпе ауруымен ауыратын адамдарға тапсырылған құжаттар негізінде материалдық жәрдем берілсін.

2

2. «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 мамырдағы № 3-4-71 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы «Жем-Сағыз» газетінің № 24 санында жарияланған) № 80 шешімінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                   Н. Нұрмағанбет
Мәслихат хатшысы                  Б. Турлыбаев

Қолданыстағы