Құжат мәтініне өту

Нысыналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Қаулы · № 16-473 · қабылданған 20.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47587/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Нысыналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 16-473 ·20.07.2009
19.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Нысыналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 16-473 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Нысыналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Атауы (қаз.)
Нысыналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-473
Қабылданған күні
20.07.2009
Көрсетілген редакция
19.09.2011 · қолданыстағы 47587_217112.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DA000103
ЭКБ идентификаторы
47587
Редакция идентификаторы
47587_217112
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:45

0 Нысыналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін

айқындау туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылға арналған нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (Ш. Б. Мұхаметжан) жұмысы жоғарыда аталған нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібімен жүргізілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Талдықорған қаласы әкімдігінің

2009 жылғы 20 шілдедегі
"Нысаналы топтағы жұмыссыз
азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібін
айқындау туралы"
N 16-473 қаулысына
қосымша
Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

1 1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім тапсырады.

2

2. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде мынадай талаптар ескерілсін: кәсіпорынның төлеу қабілеті, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен – жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу ісін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдылық бөлімшесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жасалған келісім – шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

3

3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде уәкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім шартта екі жақтың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылады. Әлеуметтік жұмыс орны нысаналы топтарға әдейі арналады. Жұмыс орындарының саны шектелмейді. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

4 4. Уәкілетті орган халықтың нысанасы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдама береді.

5 5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады.

6

6. Жұмыс берушілер қалалық бюджет қаражатынан еңбек ақысын төлеу бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20-на дейін уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік орындарға қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.

7 7. Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің осы тәртібінің орындалуын бақылау уәкілетті органға жүктеледі.

Қолданыстағы