О резервировании земель для создания государственного природного заказника "Эбита"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О резервировании земель для создания государственного природного заказника "Эбита"
- Атауы (қаз.)
- "Эбита" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерді резервте қалдыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 250
- Қабылданған күні
- 06.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2014 47602_135828.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09C0003299
- ЭКБ идентификаторы
- 47602
- Редакция идентификаторы
- 47602_135828
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:34
0 "Эбита" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерді резервте қалдыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 16, 124 баптарына «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңының 10, 24 баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы ереженің 2 тармағына сәйкес және «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалын құруға арналған жер учаскесін 2009 жылғы 28 мамырдағы тексеру актісі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарғалы ауданы аумағында қоса беріліп отырған жер учаскесінің жоспарына (сызбасына) сәйкес шекара мен көлемде «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін 83770 га көлемінде жер учаскесі резервке қалдырылсын.
2 2. Қарғалы ауданы әкімі «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалына резервке қалдырылған жер учаскесінде табиғи- қорық қорының объектілері сақталуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І. Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Облыс әкімдігінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 250 қаулысына қосымша
Жобаланып отырған "Эбита"
Мемлекеттік табиғи қаумалы жер учаскесінің
Жоспары (сызбасы)